Тіл
Гёте-клуб
Айына екі рет жұма сайын, сағ. 18.30-да Алматыдағы Гёте-Институтта неміс тілінде сөйлесу үшін жастар жиналады. Ондағы басты мақсат- әңгімелесу мен еркін сөйлесу. Оған қатысушылар өздерін қызықтыратын тақырыптарда сөйлеседі, мысалы Германияда білім алу, қазіргі музыка, фильмдер және денсаулық сақтау мен экология мәселелері. Гёте-клубтың құрамы әртүрлі, онда неміс тіліндегі кез келген деңгейге жол ашық.