ИЕРУСАЛИМ СИНДРОМЫ/ ТИП 3

Әуеде бір абыржу сезіледі. Қала әулиелікпен суарылып, маңыздана түскен. Келушілер жыл сайын біраз уақытқа естерінен ауып қалады. Белгілі бір күндері аурухана қызметкерлері ерекше дайындықта болады. Зардап шеккендер мазасызданып, біртүрлі киінеді. Олар мессияның келетінін жариялайды. Әлемді құтқарғылары келеді. Құтқару туралы армандары оларға маза бермейді. Арнайы жабдықталған бөлімде біраз болған соң... олар әдеттегі өмірге қайта оралады. Ештеңе болмағандай. Жыл сайын Иерусалимге өздерін әулие санағандардың түр-түрі қаптап келеді. Кейбіреулері үшін қажылық сапар соларға арналған бөлімі бар «КфарШауль» ауруханасына жатып шығумен аяқталады.

Ульрике Штайнке
Ulrike Steinke

  ©
Ульрике Штайнке 1975 ж. Мекленбургте туған. Лейпцигтің Графика және кітап өнері жоғары мектебінде Фолькер Пфюллердің жетекшілігімен иллюстрацияны оқып үйренді. Һалледегі «Бург Гибихенштайн» Жоғары өнер мектебінде сабақ берді. Лейпцигте және Мюнхенде тұрып, қызмет істейді.
www.ulrike-steinke.de