Талықсу

Жазушы, анархист Эрих Мюзам «Талықсу» өлеңін 1914 жылдың қарашасында жазды.
Өзім анық көрген мақсатымның жанынан баяғыда өтіп кеткен сияқтымын ба?
Жаңа жолдар ашылғандай ма? Мен басқа көшелермен кетіп бара жатқандаймын ба?
Бәрі таныс сияқты: ағаштар, жол шетіндегі арықтар;
Бірақ мен оларды шын көрдім бе әлде маған түсімде аян түсті ме, білмеймін.
Шіркеудің мұнарасы өзіне тартады, бір жағынан қорқамын; жанымнан бір әйелдің дауысы шығады... 
...Таныс, бірақ біртүрлі.
Жақсылыққа ма әлде жамандыққа көріне ме?
Шындық қайсы? Елес қайсы?
Үміт пен үрей билеген көпшілік іздеу үстінде...
Дүние қатты өзгерген болуы керек,
ал біз өз мақсатымыздан алыспыз.

Лассе Вандшнайдер
Lasse Wandschneider

  ©
Лассе Вандшнайдер Любекте өскен, Бреда, Берлин және Прагада иллюстрацияны оқыған. Берлинде тұрады. Өз шығармашылығында принт пен зинге ерекше көңіл бөледі. Еңбектері әлемдегі көптеген көрмелер мен басылымдарда жарияланған. Алғашқы комиксі «Жауын» 2016 ж. „Reprodukt“ баспасынан жарық көрді.
www.lassewandschneider.de