1970-ші жылдары Уганданың экономикасы әбден құлдырады
1970-ші жылдары Уганданың экономикасы әбден құлдырады.
Кола табылмайтын.
Әсіресе араб тіліндегі жапсырмасы бар шөлмектері қолға түспейтін.
Олар бәріненде дәмдірек еді.
Ересектердің барлығы Иди Аминге, қандықол диктаторға, қарсы болды.
Менің табынатыным Робин Гуд еді, менің де көмектескім, күрескім келді.
Бірде сондай мүмкіндік те туа қалды. Әскери полиция бассейнді қоршап тастады. Бәріне судан шығуды бұйырды.
Көп күттік.
Әйтеуір бір кезде Амин келді де, суға тек бір сүңгіп шықты.
Өкінішке орай, мен қаруымды үйде қалдырып кетіппін.
Содан кейін балаларға тегін сусындар беріле бастады.
Әрине, біз Робин Гуд екеуіміз одан бірден бас тартар едік.
Не оны кедейлерге берер едік.
Бірақ онда кола болды.
Біраз итерісіп, тартысып, сондағы жалғыз араб коласына қол жеткіздім.
Мен ойлағандай, дәмі керемет екен.
Ал Робин Гудты содан қайтып көрмедім.
Биргит Вайе
Birgit Weyhe
www.birgit-weyhe.de