Бәрі ішінде! Емтихан бөлімдері
Goethe-Zertifikat C1 Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша жұптық және жеке емтихан) модульдерінен тұрады.
Емтихан әлем бойынша бір стандартпен жүргізіліп, бағаланады.
Оқу
Ғылыми-көпшілік мәтіндерді, түсіндірме, сын-пікір және/не есеп беру мәтінін оқисыз. Оған берілген тапсырманы орындауда Сіз, басқа тәсілдермен қатар, мәтіннен үзінді келтіре отырып, көлемді мәтіндермен жұмыс жасай алатыныңызды көрсетесіз.
Ұзақтығы: 70 минут
Жазу
Бір тақырыпқа өз ойыңызды толық білдіресіз, мәтін жақсы құралған болуы тиіс. Ол үшін сіз графика түрінде берілген ақпарат аласыз.
Ұзақтығы: 80 минут
Тыңдау
Адамдар арасындағы әңгіме, телефонат, сұхбат немесе радио хабарларын тыңдайсыз, керек жерлерін жазып аласыз және берілген пікірлердің сәйкесін табасыз.
Ұзақтығы: шамамен 40 минут
Сөйлеу
Емтиханның бірінші бөлімінде бір қысқа мәтін туралы өз ойыңызды білдіресіз. Сосын сұхбаттасыңызбен ортақ бір шешім қабылдау үшін не мәселенің шешімін табу үшін сөйлесесіз.
Ұзақтығы: 10 не 15 минут
Емтихан алғышарттары
Goethe-Zertifikat C1 ересектерге арналған емтихан.
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
- Goethe-Zertifikat С1 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
- Goethe-Zertifikat С1 үшін алты деңгейлі Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бесінші біліктілік деңгейі (С1) алғышарт болып табылады.
- Бұл деңгейге жету үшін бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 800-ден 1000 академиялық сағатқа дейін оқу қажет.