Германия университетінe жол

Studienbrücke © Fotolia

Германия университеттеріне  тікелей жол!

Германияда білім алу сапалы білім алу дегенді білдіреді және, Қазақстанда ғана емес,  бүкіл әлемде табысты мансап жолын бастауға ең дұрыс негіз болып табылады. „Германия университеттеріне жол“ атты бағдарлама Германия университеттеріне мектеп бітіргеннен кейін бірден, қосымша дайындық курстарынсыз және қабылдау емтихандарынсыз, тікелей түсуге мүмкіндік береді.

Германиядағы серіктес университтер «Германия университеттеріне жол» бағдарламасының   үздік қатысушыларына өз контингентінен орындар ұсынады.
 
Оқу бағдарламасы Шығыс Европа мен Орталық Азия елдеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 9-шы және 12-жылдық мектептердің 10-шы сынып оқушыларына арналған.  «Германия университеттеріне жол» бағдарламасына қатысудың алғышарттары математика, информатика, жаратылыстану және техникалық пәндер бойынша үздік жетістіктер мен неміс тілін, кем дегенде, А2 деңгейінде меңгеру болып табылады.

Егер сіз 10-сынып оқушысы болсаңыз не жасыңыз одан үлкенірек болса және «Германия университеттеріне жол» стипендиялық бағдарламасына қатысуға кешігіп қалсаңыз, мына жерден ақылы „Studienbrücke. Intensiv“ («Германия университеттеріне жол. Қарқынды курс»)  бағдарламасына қатысу мүмкіндігі жайлы ақпарат алыңыз.

Осы уақытқа дейін Ресей, Украина, Қазақстан және Грузия мектеп түлектері мектеп бітіргеннен кейін бірден Германия университеттерінде оқи алмайтын. Олар не бір жыл өз елінде университетте оқу керек болатын немесе Германияда оқуға түсу үшін Studienkolleg-те дайындалу қажет болатын. Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральды жері қабылдауды оқуға түсу емтиханына ауыстырғаннан кейін  (TestAS) оқуға үміткерлер бірден тікелей оқуға түсе алатын болды, негізгі шарт „Германия университетіне жол“ атты бағдарламаны табысты аяқтау!
 
 
2015 жылдан бастап Германиядағы серіктес университеттер „Германия университетіне жол“  бағдарламасына арнап белгілі мөлшерде оқуға орындар беретін болды. Осы дайындау бағдарламасын табысты аяқтағандар мектер бітіргеннен кейін бірден университетке түсуге өтінім бере алады. Германияда білім алғаннан кейін оларға ары қарай білімін ұштастырғанда немесе еңбек жолын бастағанда Қазақстанда  қолдау көрсетіледі.
 
„Германия университетінe жол“ атты стипендиялық бағдарлама тілдік және пәндік дайындықты, сонымен қатар Германия университеттерінің тыныс-тіршілігімен, оқыту және білім алу ерекшеліктерімен, сонымен бірге студенттік өмірмен танысуды қамтиды. Бағдарлама  әсіресе математика, информатика, жаратылыс тану және техникалық пәндерден оқу үлгерімі орташадан жоғары болатын, неміс тілін  кем дегенде  А2 деңгейінде меңгерген   9- сынып оқушыларына  арналған.
             Модуль                      қысқаша сипаттама                 мерзімі
B1 тіл үйрену курсы Тікелей қатысуды талап ететін неміс тілі курсы (Бағдарламасы мен жоспарын жергілікті Гете-Институт/Тіл орталығы даярлайды) Басталуы: Жазда, 9-шы және 10-сынып аралығында
Аяқталуы: ақпан / наурыз

, 11-сынып
Moodle оқу платформасындағы онлайн-курс. Курс 24 аптаға созылады (144 сабақ), тьютордың басқаруымен жүргізіледі  және виртуалды  отырыстарды да қамтиды.
B2 тіл үйрену курсы Тікелей қатысуды талап ететін тіл үйрену курсы (Бағдарламасы мен жоспарын жергілікті Гете-Институт/Тіл орталығы даярлайды)
Moodle оқу платформасындағы онлайн-тіл үйрену курсы. Курс 24 аптаға созылады (160 сабақ), тьютордың басқаруымен жүргізіледі  және виртуалды  отырыстарды да қамтиды.
Сандық пән модулі ЖОО-нда оқу үшін қажетті кәсіби тіл үйрену  даярлық курсы Moodle оқу платформасы арқылы онлайн жүргізіледі. Жеті модульді таңдап алуға болады (Математика, Информатика, Физика, Биология, Химия, Техника және Экономика ғылымдары). Әр модуль бес аптаға (40 сабақ) созылады және тьютордың жетекшілігімен жүргізіледі. 10-шы, 11-ші сынып арасында жазда
«Германияда оқуға әзір» („Fit für das Studium in Deutschland“) мәдениет аралық тренинг Студенттік өмірге және кампус мәдениетіне кіріспе онлайн- курс Moodle оқу платформасында жүргізіледі. Курс 4 аптаға созылады (24 сабақ), тьютордың басқаруымен жүргізіледі. сәуір / мамыр, 11-сынып
TestDaF-даярлық курсы TestDaF (оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу) емтиханына даярлық онлайн-курсы* Moodle оқу платформасында жүргізіледі. Курс 4 аптаға созылады (20 сабақ), тьютордың басқаруымен жүргізіледі және үш виртуалды отырысты қамтиды. * Кейбір Гете-институттар мен тіл орталықтарында тікелей қатысу форматында өтеді. Тікелей емтихан алдында
TestAS-емтихан форматымен танысу TestAS емтиханының форматы, құрылымы, мазмұны және берілетін тапсырма түрлерімен танысуға арналған онлайн-курс  Moodle оқу платформасында жүргізіледі.  Курс 2 аптаға созылады (12 сабақ) және тьютордың басқаруымен жүргізіледі.
* Кейбір Гете-институттар мен тіл орталықтарында тікелей қатысу форматында өтеді.
Тікелей емтихан алдында
Test DaF Халықаралық неміс тілі емтиханы - TestDaF Германияда оқығысы келетін студенттердің тілді меңгеру деңгейін анықтайды.

www.testdaf.de 
1-емтихан: ақпан, 11-сынып
2-емтихан: сәуір, 11-сынып
Test AS TestAS – студенттің оқуға қабілеттілігін анықтайтын орталықтандырылған, стандартты тест. Студент үшін ерекше маңызы бар когнитивтік қабілет деңгейін көрсетеді. TestAS негізгі тесттен және бір пәндік  модульден тұрады.

www.testas.de
1-емтихан: ақпан, 11-сынып
2-емтихан: сәуір,  11-сынып
Германия ЖОО-нда оқу жөнінде кеңес беру (Германия академиялық алмасу қызметі DAAD жүргізеді) Германияда білім алу жөніндегі жалпы ақпарат Көктемде, 11-сынып
 
Егер Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Бішкекте тұратын болсаңыз, жергілікті Гете-Институттың тіл үйрету курсына не тіл үйрету орталығына барыңыз.

Егер басқа жерде тұратын болсаңыз, онлайн-курстарға қатысыңыз.

Стипендиаттар жоғарыда аталған модульдерге ұдайы қатысып тұруға міндетті. Курсты себепсіз босатқан стипендиат бағдарламадан шығып қалады.
 
Германия университетіне жол» бағдарламасына өтінім Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен , Шымкент  және Бішкек (Қырғызстан) қалаларында тұратын,  төмендегі шарттарды орындаған 9- сынып оқушыларынан ( байқау кезінде) қабылданады:
  • неміс тілінен білімі кем дегенде  A2 деңгейінде болатын (9 сынып) немесе  B1 сараптау тесті арқылы құжаттар көрсету /Zertifikat FIT 2, Goethe-Zertifikat B1, Deutsches Sprachdiplom DSD I
  • Германияда оқуға деген жоғары ынтасын негіздеме хаты арқылы көрсету, оқушылар олимпиадасына, байқауларға, аймақтық және халықаралық жобаларға қатысқаны туралы құжаттар, т.б.
  • Аттестаттағы бағасы орташадан жоғары болу керек, әсіресе математика, информатика, жаратылыс тану және техникалық пәндерден
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша рұқсаты
  • Сұхбаттасуға қатысу
Ескерту:
Байқауға басқа қалаларда тұратын, неміс тілінен B2/C1 білім деңгейін көрсететін сертификаты бар оқушылар да қатыса алады. Бұл жағдайда оларға тілдік курсқа қатысудың қажеті жоқ.

Естеріңізде болсын:
Қазақстандағы DSD-мектеп оқушыларынан өтінім қабылданбайды

Уақыты:
- Өтінім беру: 1.11.2018 - 31.01.2019
- Қабылдау сұхбаттары: 1.02.2019 - 1.03.2019
- Нәтижені жариялау: 10.03.2019 дейін
- Бағдарламаның басталуы: 2019 сәуірдің ортасы
 
Рур  университеттерінің  Альянсы (Бохумдық Рур университеті,  Дуйсбург-Эссен университеті, Дортмунд Техникалық  университеті)

Аталған  университеттер  «Германия университетіне жол» атты бағдарламаға қатысушыларға 2018 жылғы қысқы семестрге төмендегі  пәндер бойынша орындар бөледі.
 (өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін):

БОХУМдық РУР УНИВЕРСИТЕТІ
Қолданбалы  информатика - 1
Биохимия - 1
Биология - 1
Химия - 1
Электротехника мен ақпараттық технология - 2
География - 1
Геология - 1
IT-қауіпсіздігі / ақпараттық технологиялар - 1
Машина жасау - 2
Математика - 1
Физика - 1
Сату технологиясы мен өндірістік менеджмент - 2
Қоршаған ортаны  қорғау технологиясы мен ресурстар менеджменті- 2

ДОРТМУНД ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қолданбалы  информатика - 1
Анализ бен мәліметтер сараптамасы - 1
Электротехника мен ақпараттық  техника - 2
Информатика - 1
Ақпараттық-коммуникациялық технология - 2
Математика - 1
Физика – 1
Статистика - 1
Техникалық математика - 1
Экономикалық  математика - 1

ДУЙСБУРГ-ЭССЕН  УНИВЕРСИТЕТІ
Қолданбалы информатика − мамандық: инженерлік не  медиялық информатика - 1
Қолданбалы информатика (SystemsEngineering)
Қолданбалы когнитология мен  медиатану - 1
Математика - 1
1. Goethe-Zertifikat Fit in Deutsch 2 жоқ болса басқа қандай  құжат арқылы өтінімде неміс тілінен білім деңгейін дәлелдеуге болады?

Егер сізде Гёте-сертификат жоқ болса,  онда сізде мынадай жолдар бар:  егер сізде басқа халықаралық деңгейде танылған емтихан сертификаты болса (мыс, ÖSD, TestDaF  т.б.) – онда сіздің өтініміңіз қарастырылатын болады.;
НЕМЕСЕ
Алматы Гёте-Институтында не неміс тілін үйрету орталықтарының бірінде сараптау тестін тапсырып сіздің неміс тілінен  білім деңгейіңізді көрсететін анықтама алуыңызға болады;
НЕМЕСЕ
өтінімге  сертификаттың орнына  Гёте-Институтта не неміс тілін үйрету орталықтарының бірінде неміс тілі курсын өткені туралы анықтама қағазды сертификаттың орнына өткізуге болады (оны оқыған орнынан сұрап алуға болады).
НЕМЕСЕ
Егер сіз қараша айында   Гёте-Институтта не неміс тілін үйрету орталықтарының бірінде неміс тілі курсын  аяқтаған болсаңыз, онда курсты аяқтағаны туралы анықтама қағазды өткізсеңіз жеткілікті болады.

2. Қабылдау тестіне қалай жазылуға болады?

Алматыда қабылдау тестіне жазылу үшін Анна Мельник ханыммен хабарласу керек, басқа  тіл үйрету орталықтары бар қалаларда сол орталықтан тікелей ақпарат алуға болады.

3.Тізімде жоқ қалалардан үміткерлер өтінім бере ала ма?

Неміс тілін үйрету орталықтары жоқ қалалардан келген үміткерлер  өтінім бере алады, бұл жағдайда олардың ата- аналары аптасына екі рет баласын орталыққа әкеліп тұруға, бар жол шығынын өз мойнына алуға міндеттеме алады.  Бұл жағдайда олар міндеттемені  растайтын қосымша құжатқа қол қояды. Егер үміткер сұхбат алудан өтіп екінші кезеңге жіберілсе, онда бұл құжат  оған почта арқылы жіберілетін болады. Негізгі шарт- ол неміс тілі курсынан қалмай үнемі қатысып отыруы керек.  
 
Бұл ереже неміс тілінен B2 деңгейін көрсеткен оқушыларға қатысты емес: олар бұл жағдайда неміс тілі курстарына қатысудан босатылады. Бұл бағдарламада  жоғары деңгейдегі  курстарға қатысу қарастырылмаған – мысалы, C1. Алайда сіз неміс тілінен біліміңізді өз мүддеңізге сай, өз бастамаңызға орай,  өз есебіңізге байланысты жетілдіре аласыз .

4. 11 - сынып оқушылыры B2 емтиханын да , TestDaF емтиханын да тапсыруы керек пе?

Осы бағдарламаға қатысатын барлық  оқушылар B2 деңгейіне жеткенге дейін курсқа қатысуы керек . Алайда  бағдарламада  B2 емтиханын тапсыру қарастырылмаған. 11- сыныптың екінші жартысында  оқушылар тек  TestDaF пен  TestAS емтихандарын тапсырады.

5. Бағдарламаға 9- сыныпта  A2 деңгейін толық бітіре алмаған оқушылар қатыса ала ма?

Германия университеттеріне түсуге осы бағдарлама аясында кәмелетке жетпеген оқушылар да  қатыса алады. Алайда бұл жағдайда виза алу үшін қосымша құжаттар өткізу керек болады.
 
 
6. Бағдарламаға қандай жағдайда  9- сыныпта  A2 деңгейін толық бітіре алмаған оқушылар қатыса  алады?

Тек егер сіз өтінім берген уақытта A2 деңгейіндегі курсқа қатысып, оны бітіретін болсаңыз ғана қатысуға болады.  Неміс тілін меңгерудің  дәлелі ретінде бұл жағдайда  «Неміс тілі курсына қатысқандығы туралы  анықтама» жарамды. Оны Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, және Бішкек (Қырғызстан) қалаларындағы неміс тілін үйрету орталықтарында немесе Алматыдағы Гёте-Институттан алуға болады.

7. «Германия университетіне жол» атты бағдарламаға қатысуда  қандай шығындар болады?

Бағдарламада қарастырылған барлық қызмет, тіпті университтетке түсуге дейін  тегін болады.  Ал ары қарай визаға өтініш беру, Германияда білім алуға байланысты  барлық шығындарды  Гёте-Институт өз мойнына алмайды