Анне Винклер, Бишкек

Анне Винклер, Бишкек

 Қырғызстан – бұл киіз үйлерде тұратын көшпелілер, төбелерде жайылып жүрген жылқылар, көкжиектегі қар басқан жеті мың басы және жарқырап жатқан таулы көлдер елі. Бұл қалып – біз одан саяхатқа аттанатын пункт. Ол ақиқат жолындағы кедергі емес, керісінше, оған апаратын көпір. Қырғызстан – бұл жоғарыда сипатталған ел де және көптеген тағы басқалар да деген анағұрлым күрделірек ақиқаттылыққа айналдыру үшін, менің басымдағы мұндай көріністер мұнда келуімнің басында маңызды болды

Менің атым Анне Винклер, мен идиллиялық Тюбингенде германистиканы және философияны зерделедім. Мен Мәскеудегі Гете институтында машықтанудан өткенде тіл бойынша ассистент бағдарламасы туралы білдім де, оқуымды бітірген соң, оған баруды шештім. Дегенмен, тіл бойынша ассистент болып бағдарламаға қатысуға өтініш бергенде,   мен Қырғызстан жайлы әлі тым көп білмеген едім, бұл менің басымдағы аздаған көріністермен бірге осында келуіме себеп болды. Мен үшін бұл Жердің ақ дағы болды, ол бір түсті иеленуі тиіс болатын.
Және дақ әсерлі, көркем түске айналды. Мен Қырғызстан жайлы ойлаған кезде, оларға кейде тұрғын үй ғимараттары арасынан, астананың тұманын басып қарауға болатын, таулардың ақ шыңдары туралы ойлаймын. Кеңестік ғимараттар, Ленин мен Шыңғыс Айтматовтың мүсіндері, орыс пен қырғыз тілдерінің қосындысы туралы, ернеуіне дейін толтырылған маршруткалар, киізден тігілген сәулетті бас киімдер мен базарлардың у-шуы туралы ойлаймын.

Тілді қолдау менің осы көз тартатын елмен, оның халқымен және мәдениетімен танысуыма мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мен бұл жерге осындағы адамдарда Германия жайлы қалыптасқан бейнеге көбірек түстер қосу үшін келдім: егер мен ауызекі тілде шартты райдың сирек қолданылатынын атап өтсем немесе сленг туралы айтсам, неміс тілі сабақтарында SLZ-ке жаңа реңк қосылады. Мен әндердің көмегімен ПЕГИДА (Патриоттық еуропалықтар Батыстың исламдануына қарсы) қозғалысы туралы айта бастағанда немесе дискурстық бөлшектерге назар аударғанда, сөйлесуге жаңа көлденең ерекшелік қосылады. Сондай-ақ біз Берлинмен техно-қала ретінде немесе Тедди аюлары фабрикасының негізін қалаушы Маргарет Штиффпен танысқанымызда, киноклубта қызығушылықтың жаңа орамдары туындайды. Біз бірлесіп қағаздан жасалған түрлі-түсті шамдармен шерулер ұйымдастырған немесе Рождестволық күнтізбе жасаған жобалар кезіндегі көріністе  бірнеше бояу пайда болады. Көрініс аса көркем, күнделікті өмірдегі ақиқатқа жақынырақ бола бастайды.Менің осында, SLZ-те тіл бойынша ассистент ретінде болуыма түрткі болған осы: үйрету қызықты, әр кезде жаңаша ойлап алу, тақырыптарды мүмкіндігінше аса түсінікті, қызықтырақ және тартымдырақ беру. Тілге, мәдениетке, өңірге тән, шағын немесе ірі жобаларда көрсету үшін, көмекке фильмдер мен әдебиеттерді алуға қызығушылық кем емес. Белгісіз әлем туралы жаңа нәрсені білу, оған жақындай түсу және оның барлық аспектілерін көру – тілге қызығушылық танытқандар үшін, сондай-ақ мен үшін тамаша. Сондықтан да мен кейінгі сәттерді көрініске бояулар жағуға қызығушылық танытқан адамдармен бірге өткізуді тағатсыздана күтудемін.