Жылдам кіру:
Тікелей мазмұнға өту (Alt 1)Тікелей қосалқы навигацияға өту (Alt 3)Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)
Сары шашты қыз бен ноутбук© Getty Images

A1–C1
Біз ұсынатын курстар

Неміс тілін әрі қарай онлайн үйреніңіз . Біз сіздің денсаулығыңызды сақтау үшін, барлық неміс тілі курстарын уақытша онлайн режимге ауыстырамыз.

Жазылу уақыты мен бағасы

Өз бетімен жұмыс

Біздің Blended Learning және онлайн курстарда сіз біздің оқу платформамызда өз бетіңізбен, күнделікті өмірмен байланысты және жан-жақты оқу материалдарын пайдалана отырып, оқисыз. Онлайн-тапсырмаларды оңай реттеп, автоматты түрде Feedback аласыз.

 Кез- келген тіл меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне қарай.

Live-сеанстар

Біздің барлық курстарда сіз өз оқытушыңыз және курстастарыңыз бірге отыратын виртуалды live-сеанста оқисыз. Бұған Zoom-қосымшасын пайдаланамыз, сіз онымен курсқа қатысып отырғандай, онлайн оқисыз. Сөйлеу, жазу жаттығуларын орындағанда, оқытушыдан жеке Feedback аласыз.

Жетекшілік

Оқытушыңыз сізді байланыс құралымен және оқу платформасымен таныстырады. Курс барысында ол сізге ұдайы жеке Feedback беріп отырады. Сұрақтарыңыз болса, кез-келген уақытта біздің тіл үйрету курстары кеңсесіне хабарласа аласыз.


Аралас онлайн-курсы (Blended Learning)

Барлық теңдестіріп оқуды ұнататындар үшін: 50% live-сеанстар, 50% өз бетінше оқу

A1.1 – B1.2 деңгейлерінде сізге бірден екі әлемнің ең жақсысын ұсынамыз: Онлайн-өз бетінше оқу курсының икемділігі және оқытушымен, дәрісханадағы топпен тікелей байланыс. Қарастырылған сабаққа қатысу сатысы онлайн виртуалды дәрісханада өтетін болғандықтан, Қазақстанның кез-келген түкпірінен қатыса аласыз. Гёте-Институт ол үшін байланыс құралы Zoom -ды пайдаланады, сіз ол үшін қосымша ештеңе төлемейсіз. Оқытушыңыз сізді онымен таныстырады. Әдеттегі шарт талап-ережелері қолданылады.

69.000 теңге - қазір бастапқы бағамен өтінім беріңіз!

Аралас онлайн (Blended Learning) курс
Басталуы мен ақталуы 15.06.2020. – 24.07.2020

Ұзақтығы мен қарқындылығы
6 апта (аптасына 3 рет, күніне 2 сабақ)

 

Барлығы 45 минуттан 36 сағат және 36 сағат тьюторландырылған (жетекші бақылауымен) онлайн өздігінен оқу
Деңгей сатылары A1.1 – B1.2
Қолайлылық Қолайлылығы -өздігінен оқу сатысы көбірек, live-сеанстар онлайн-интенсив-курстағыдан азырақ
Оқу Топпен оқу, ынталандыру және қолдау көрсету
Feedback/Кері байланыс Оқытушыңыздан жүйелі түрде келіп тұратын, жеке Feedback (кері байланыс)

Оқытушы қажеттігіне қарай қосымша материалдар береді
Қатысушылар Максимум 16 адам
Қазіргі жағдайға орай орыны мен өтуі Қарастырылған қатысып оқу сатысы белгіленген уақытта (аптасына 3 рет) виртуалды дәрісханада Zoom арқылы өтеді. Онлайн сатылары Гёте-Институттың оқу платформасында өтеді.
Бағасы 69.000 KZT (Бастапқы ұсыныс)
Кеңес беру Телефонмен: +7 747 1098814 (дс.-жм., 9 – 17:30) E-Mail арқылы: info-almaty@goethe.de

 
Blended Learning-курстың 50% өз бетімен онлайн оқудан тұрады.

Біздің онлайн платформамызға кіруге рұқсат аласыз да, өзіңіз таңдаған курстың онлайн бөлігін тауып аласыз. Ол онлайн бөлікте ынталандыратын және қызықты жаттығулар, сөздерді жаттап жаттығуға арналған "flash cards", курс барысында меңгерген маңызды грамматикалық құрылымдар мен сөз тіркестеріне қысқаша шолу бар.

 
Әрі қарай өз курстастарыңызбен және оқытушыңызбен бірге интерактивті түрде жаттыға бересіз. Бұл бірақ шынайы дәрісханада емес, онлайн байланыс құралы  Zoom-да өтеді. Үйден, өзіңізге үйреншікті курс өтетін күн мен уақытта оқисыз.
Аралас онлайн курсқа (Blended Learning) қажетті барлық курс материалдарын сізге тегін онлайн немесе, мүмкіндік болып жатса, Гёте-Институтта қолға береміз.
Жоқ! Біздің толығымен онлайн өтетін Blended Learning-курсымызға Қазақстанның бар түкпірінен қатыса аласыз. Сөйтіп, сіз қарқынды жетекшілік пен сыннан өткен Гёте-сапасының рахатын көресіз, Алматы, Ақтөбе болсын, Шымкент не мүлдем басқа бір жерде болыңыз, бәрібір.

Аралас онлайн курсымызды (Blended Learning) тексеріп көріңіз

Біздің аралас онлайн курстарымыздың (Blended Learning) қалай жұмыс істейтінін білмейсіз бе?

Біздің курстарымыз бен тестілерімізге қатысты толығырақ ақпарат алу үшін, мына телефонға (+7 747 1098814 - дс.-жм., 9 – 17:30 арасында) немесе мына E-Mail-ге info-almaty@goethe.de хабарласыңыз.


Онлайн-(Супер)интенсив-курсы

Біздің сыннан өткен (cупер)интенсив-курсымыз – енді уақытша онлайн

Бұл курс сізге кішігірім топпен және білікті оқытушының ұдайы қатысуымен неміс тілін үйренуге мүмкіндік береді. Сіз  Zoom онлайн-платформасы арқылы басқа курсанттармен байланыстасыз және сөйлеп, тыңдап, оқып, жазып жаттығасыз. Топпен жұмыс және презентациялар да сабақтың бір бөлігі - курс сабағындағыдай. Егер мүмкіндік болып жатса, сабақ қайтадан Гёте-Институтта болады. Әдеттегі еңбек шартының талап-ережелері қолданылады.


85.000 теңге – қазір жазылыңыз
 

Онлайн-интенсив-курсы
 Басталуы мен аяқталуы 15.06.2020. – 24.07.2020
Ұзақтығы мен қарқындылығы 6 апта (аптасына 3 рет, күніне 4 сабақ)
Барлығы 45 минуттан 72 сабақ
Деңгей сатылары A1.1 – С1.2
Оқу Топпен оқу, ынталандыру және қолдау көрсету
Feedback/Кері байланыс Оқытушыңыздан жүйелі түрде келіп тұратын жеке Feedback (кері байланыс)

Оқытушы қажеттігіне қарай қосымша материалдар береді
Қатысушылар Максимум 12 адам
Қазіргі жағдайға орай орыны мен өтуі Қарастырылған қатысып оқу сатысы белгіленген уақытта (аптасына 3 рет) виртуалды дәрісханада Zoom арқылы өтеді. Егер мүмкіндік туып жатса,  сабақ қайтадан Гёте-Институтта өтеді.
Бағасы 85.000 KZT
Кеңес беру Телефонмен: +7 747 1098814 (дс.-жм., 9 – 17:30)

E-Mail арқылы: info-almaty@goethe.de
Сандық формат біздің курсанттар тікелей қатысатын курстарымызға ерекше бағытталады. Сіз барлық дағдыларыңызды басқа курсанттармен және оқытушымен интерактивті түрде жаттықтыра бересіз. Бұл бірақ шынайы дәрісханада емес, онлайн байланыс құралы Zoom-да өтеді. Үйден, өзіңізге үйреншікті курс өтетін күн мен уақытта оқисыз. 
Online-интенсив курсқа қажетті барлық курс материалдарын сізге тегін онлайн немесе, мүмкіндік болып жатса, Гёте-Институтта қолға береміз.
Иә, өйткені, егер мүмкіндік туып жатса, сабақ  Гёте-Институтта өтеді. Бәрібір неміс тілін Гёте-Институтта оқығыңыз келе ме? Оның еш қиындығы жоқ! Біздің Blended Learning не онлайн  ұсынатын live-курстарымызға өтінім беріп қойыңыз. Ол жайында телефон арқылы (+7 747 1098814 - дс.-жм., 9 – 17:30) немесе E-Mail info-almaty@goethe.de  арқылы кеңес береміз.

Неміс тілі онлайн live

Мақсатты жаттығу, өзіңіздің жеке курс сабағыңыз

Жеке онлайн  live-сеанста емтиханға, қабылдау сұхбатына немесе неміс тілінде өтетін одан да маңызды мақсатта дайындала аласыз.

10.000 теңгеден бастап – қазір сұраңыз

Неміс тілі онлайн live курсы
Басталу және аяқталу уақыты кез-келген уақытта
Ұзақтығы қолайлы, пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына қарай (90 минуттан бастап)
Икемділігі пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына қарай кез-келген уақытта
Оқу Сіздің сұрақтарыңызға байланысты сеанстар, мысалы, қабылдау сұхбатына немесе емтиханға дайындалу
Кері байланыс/Feedback Жеке жетекшілік және сабақтың ұйымдастырылуы
Қатысушылар Сіз және жетекшіңіз
Қазіргі жағдайға орай орыны мен өтуі Қарастырылған сеанстар өзіңіз қалаған уақытта виртуалды дәрісханада Zoom арқылы өтеді. Егер мүмкін болып жатса, сабақты, қалауыңыз бойынша,  Гёте-Институтта өткізуге болады.
Бағасы Сағатына қарай
Кеңес беру Телефонмен: +7 747 1098814 (дс.-жм., 9 – 17:30)

E-Mail арқылы: info-almaty@goethe.de

Маңызды сұрақтар

-          Mac, iPad, планшет, PC не Laptop, микрофоны бар құлаққап


Тұрақты Интернет байланыс (WLAN болса, желінің өткізу мүмкіндігі жеткілікті болсын) – бәрінен бұрын виртуалды сабақ сеанстары үшін.
Жағдай нашарлап, төтенше жағдай немесе төтенше оқиға болып, әлде қазіргі жағдай өзгеріп, оған Гёте-Институт ықпал ете алмайтын болса (мысалы, жаппай тәртіпсіздіктер, соғыс не террористік қақтығыстар, табиғи апаттар, індет т.с.с.), біз сізге ұсынылатын курс, қызметтерді  (мысалы, уақыт және өту орнына қатысты) өзгерту құқығын өзімізде сақтап қаламыз. Ондай жағдайда, уақытын белгілеп, жаңа ұсыныс жасаймыз да, сіздің сол ұсынысты қабылдап-қабылдамайтыныңыз немесе келісім-шарттан бас тартатыныңыз жайлы бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Келісім-шарттан бас тартатын болсаңыз, жасалған қандай да бір төлеміңіз болса (егер қызмет көрсетілген болса, оның мөлшерін есепке ала отырып), қайтарамыз. 
Тағы сұрақтарыңыз болса, мына мекенжайға жазыңыз: info-almaty@goethe.de

Онлайн оқу, үйрену, ақпарат алу

Stubenhocker – Үйден шықпастан неміс тілін үйрену

Емтиханға онлайн дайындық

Deutsch für dich Foto: Shutterstock.com, Rawpixel.com

goethe.de/deutschfuerdich
Неміс тілі сен үшін

"Deutsch für dich" тобында көптеген тегін жаттығу материалдары мен оқулықтар тауып, әрі оны өз тобыңыздағы курсанттармен алмаса аласыз.