Goethe-Zertifikat B2
Goethe-Zertifikat B2 жасөспірімдер мен ересектерге арналған емтихан. Ол тіл меңгерудің ілгері деңгейін көрсетеді және алты деңгейлі Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) төртінші деңгейіне (В2) сәйкес келеді.
Емтиханды тапсыру арқылы, сіз ...
- Нақты немесе абстракты тақырыптағы күрделі мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіне аласыз, кәсіби ортада кәсіби әңгімелерге қатыса аласыз.
- еш дайындықсыз, еркін сөйлесе алу арқылы, ана тілді әріптесіңізбен толыққанды әңгімелесу екі жақ үшін де оңай болады.
- өзге де тақырыптар жайында өз ойыңызды анық әрі толық жеткізе аласыз, өзекті сұрақтар жайлы өз ұстанымыңызды жақтап, түрлі нұсқалардың тиімді немесе тиімсіз жақтарын көрсете аласыз.