Goethe-Zertifikat C1

Goethe-Zertifikat C1 modular © Goethe-Institut

Сіздің қалауыңыз ...

  • Германияда білім алуға дайындалу
  • Жұмыс істеу үшін жоғарғы тіл білімін дәлелдеу
  • Германияда медицина саласында жұмыс жасауға дайындалу
  • Біліміңіздің С1 деңгейін көрсету,
  • Ресми және халықаралық деңгейде танылған сертификат алу ма?

Goethe-Zertifikat C1 ересектерге арналған емтихан. Тіл меңгерудің өте жоғары деңгейін көрсетеді және алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бесінші біліктілік сатысына (C1) сәйкес келеді.

Емтиханды тапсыру арқылы, сіз ...

  • түрлі тақырыптағы көлемді әрі күрделі мәтіндерді түсіне аласыз, олардың бүркемелі мағынасын да тани аласыз.
  • Өз ойыңызды еш дайындықсыз, сөз іріктеп, қиналмай-ақ еркін жеткізе аласыз.
  • Қоғамда, кәсіби ортада және білім алуда неміс тілін икемді әрі тиімді пайдалана аласыз.
  • Күрделі тақырыптар жайлы өз ойыңызды анық әрі толық құрай аласыз.
Goethe-Zertifikat С1 сертификаты бар шетелдік студенттерді жоғарғы оқу орынына қабылдау үшін тіл емтиханынан босату мүмкіндігі жайлы өзіңіз таңдаған жоғарғы оқу орынынан немесе Studienkolleg-тен сұрап біле аласыз.

You have disabled JavaScript in your browser settings. Please enable JavaScript to see the courses again.

*) 12% ҚҚС есептелген

**) Егер сіз Goethe-Institut-те неміс тілі курсын ең көбі алты ай бұрын оқыған болсаңыз, онда көрсетілген төмен баға қолданылады. Тіл оқыту курсын аяқтау және неміс тілі бойынша емтихан күні арасындағы кезең алты ай болуы тиіс. Осындай жағдайда баға тапсырыс беру барысында автоматты түрде өзгеріледі. Егер олай болмаса, онда сіздің тіл оқыту курстары кеңсесіне жүгініңіз.

Даярлық

Жаттығу материалдары

Бұл жерден Online-жаттығуға арналған үлгі және жаттығу жинақтарын табасыз, кедергісіз және интерактивті түрде де.

Толық ақпарат

Goethe-Zertifikat С1-қа алдын ала қойылатын талаптар, емтихан мазмұны мен қосымша ақпаратты мына жерден табасыз:

Goethe-Zertifikat C1 digital

Қазақстандағы Гёте-Институт  Goethe-Zertifikat C1 емтиханын дигиталді форматта ұсынады.