Goethe-Zertifikat C1

Goethe-Zertifikat C1 Фото: Goethe-Institut/Sonja Tobias

Сіздің қалауыңыз ...

  • Германияда оқуға түсу
  • Жұмыс істеу үшін жоғарғы тіл білімін дәлелдеу
  • Медицина саласында жұмыс істеуге дайындалу
  • С1 деңгейінде тіл меңгерудегі жетістігіңізді дәлелдеу
  • ресми және халықаралық болып табылатын сертификат алу

Goethe-Zertifikat C1 ересектерге арналған емтихан. Тіл меңгерудің өте жоғары деңгейін көрсетеді және алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бесінші біліктілік сатысына (C1) сәйкес келеді.

Емтиханды тапсыру арқылы, сіз ...

  • түрлі тақырыптағы көлемді әрі күрделі мәтіндерді түсіне аласыз, олардың бүркемелі мағынасын да тани аласыз.
  • Өз ойыңызды еш дайындықсыз, сөз іріктеп, қиналмай-ақ еркін жеткізе аласыз.
  • Қоғамда, кәсіби ортада және білім алуда неміс тілін икемді әрі тиімді пайдалана аласыз.
  • Күрделі тақырыптар жайлы өз ойыңызды анық әрі толық құрай аласыз.
Goethe-Zertifikat С1 сертификаты бар шетелдік студенттерді жоғарғы оқу орынына қабылдау үшін тіл емтиханынан босату мүмкіндігі жайлы өзіңіз таңдаған жоғарғы оқу орынынан немесе Studienkolleg-тен сұрап біле аласыз.

Даярлық

Жаттығу материалдары

Бұл жерден Online-жаттығуға арналған үлгі және жаттығу жинақтарын табасыз, кедергісіз және интерактивті түрде де.

Толық ақпарат

Goethe-Zertifikat С1-қа алдын ала қойылатын талаптар, емтихан мазмұны мен қосымша ақпаратты мына жерден табасыз: