Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat C1

Бәрі ішінде! Емтихан бөлімдері

Goethe-Zertifikat C1 Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша жұптық және жеке емтихан) модульдерінен тұрады.
Емтихан әлем бойынша бір стандартпен жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Ғылыми-көпшілік мәтіндерді, түсіндірме, сын-пікір және/не есеп беру мәтінін оқисыз. Оған берілген тапсырманы орындауда Сіз, басқа тәсілдермен қатар, мәтіннен үзінді келтіре отырып, көлемді мәтіндермен жұмыс жасай алатыныңызды көрсетесіз.

Ұзақтығы: 70 минут

Жазу

Бір тақырыпқа өз ойыңызды толық білдіресіз, мәтін жақсы құралған болуы тиіс. Ол үшін сіз графика түрінде берілген ақпарат аласыз.

Ұзақтығы: 80 минут

Тыңдау

Адамдар арасындағы әңгіме, телефонат, сұхбат немесе радио хабарларын тыңдайсыз, керек жерлерін жазып аласыз және берілген пікірлердің сәйкесін табасыз.

Ұзақтығы: шамамен 40 минут

Сөйлеу

Емтиханның бірінші бөлімінде бір қысқа мәтін туралы өз ойыңызды білдіресіз. Сосын сұхбаттасыңызбен ортақ бір шешім қабылдау үшін не мәселенің шешімін табу үшін сөйлесесіз.

Ұзақтығы: 10 не 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat C1 ересектерге арналған емтихан.

Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat С1 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat С1 үшін алты деңгейлі Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бесінші біліктілік деңгейі (С1) алғышарт болып табылады.
  • Бұл деңгейге жету үшін бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 800-ден 1000 академиялық сағатқа дейін оқу қажет.