Goethe-Zertifikat C2: GDS

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom Фото: Getty Images/Mario Castello

Сіздің қалауыңыз ...

  • Германияда білім алу немесе зерттеу жұмыстарымен айналысу
  • Германия мектептерінде сабақ беру
  • С2 деңгейінде тіл меңгерудегі жетістігіңізді дәлелдеу
  • ресми және халықаралық болып табылатын сертификат алу

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom (GDS) ересектерге арналған емтихан. Жоғары білім деңгейін қамтиды және білім деңгейінің алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру біліктілігінің алтыншы ең жоғарғы сатысына (C2) сай келеді.

Емтиханды тапсыру арқылы, сіз ...

  • кез-келген ауызша немесе жазбаша хабарламаны еш қиындықсыз түсіне алатыныңызды
  • бірнеше ауызша немесе жазбаша дереккөздерден алған ақпаратыңызды қорытындылай отырып, өз дәлелдеріңіз бен түсініктемелеріңізді тұтас бір мәтін ретінде жеткізе алатыныңызды
  • дайындықсыз-ақ аса күрделі тақырыптар жайлы ойыңызды ашық, еркін әрі дәл жеткізе аласыз, маңызды тұстарын атап көрсете алатыныңызды дәлелдейсіз.
Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom-сертификаты шетел студенттеріне неміс университеттері мен жоғарғы оқу орындарына жол ашады және көптеген жерде неміс тілінен дәріс беруге мүмкіндік береді. ГФР-ның барлық федеральды аймақтары аталмыш емтиханды жарамды деп қабылдайды, әрі игерілген неміс тілі ұстаздық біліктілікке сай келетінін анықтайды. Мұндай анықтаманы арнайы уәкілетті орындардан, яғни, мәдниет және білім министрлігінен, мұғалімдер даярлайтын басқармалар мен аудандық басқармалардан алуға болады.

01.01.2012 бастап Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom емтиханы осыған дейін болған үш емтиханның, Goethe-Zertifikat: Zentrale Oberstufenprüfung (ZOP), Kleines Deutsches Sprachdiplom (KDS) und Großes Deutsches Sprachdiplom (GDS), орнына жүреді.

Даярлық

Жаттығу материалдары

Бұл жерден Online-жаттығуға арналған үлгі және жаттығу жинақтарын табасыз, кедергісіз және интерактивті түрде де.

Толық ақпарат

Goethe-Zertifikat С2-ға, Großes Deutsches Sprachdiplom-ға алдын ала қойылатын талаптар, емтихан мазмұны мен қосымша ақпаратты мына жерден табасыз: