2018-2020 ж. жаңа мультипликаторларын дайындау

Fortbildungsprogramm © Goethe-Institut

Өтінімді қабылдау 10.09.2018-ге дейін!

Неміс тілінің мұғалімдері мен оқытушыларының біліктілігін арттыру – Гёте-Институты қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы мұғалімдер мен оқытушыларды неміс тілін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі мен дидактикасы саласындағы өзекті әзірлемелермен таныстырады. Біліктілікті арттыру іс-шараларын Гёте-Институтының мультипликатор-әдіскерлері жүргізеді. Бұлар – Гёте-Институтының тапсырмасы бойынша күндізгі, қашықтықтан және аралас форматтағы оқытудың әдістемелік-дидактикалық семинарларын жүргізетін неміс тілінің құзыретті әрі белсенді оқытушылары, олар сондай-ақ Гёте-Институтына білім беру жобаларын дайындау мен іске асыруда қолдау көрсетіп отырады. Өздерінің іс жүзіндегі қарқынды қызметтеріне қоса олар Гёте-Институтының арнайы бағдарламасы бойынша оқумен үнемі біліктіліктерін арттырып отырады және жүйелі түрде аттестаттаудан өтіп тұрады.
 
2018-2020 жылдарында. Гёте-Институты ынталы, неміс тілін оқытуды дамытуға ықпал жасағысы келетін мұғалімдер мен оқытушыларға мультипликатор-әдіскерлерді әзірлеудің 18 айлық тегін курсынан өтуді ұсынады.

Егер Сіз:
  • мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінде неміс тілін шет тілі ретінде кемінде 3 жыл оқытып жүрсеңіз;
  • неміс тілін жақсы меңгерген болсаңыз (шет тілін меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттіліктің алты деңгейлі шәкілі/GER бойынша – С1 болса);
  • өзіңіздің жеке әдістемелік-дидактикалық құзыреттілігіңізді дамытқыңыз және кемелдендіргіңіз келсе;
  • өзіңіздің білім беру мекемелеріңізде және өз өңірлеріңізде неміс тілінің көпшілікке таралуына жәрдемдесуге дайын болсаңыз;
  • Қазақстандағы Гёте-Институтымен ынтымақтасып жұмыс істеуге мүдделі болсаңыз;
  • мультипликатор ретінде жұмыс істегіңіз келсе және Гёте-Институтының тапсырмасы бойынша мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыруды жүргізетін болсаңыз, Сіз өтінім жасай аласыз.
 
Өтінімдерді қарастырудың нәтижелері бойынша біз үміткерлерге «Неміс тілі сабағын жоспарлаудың» қашықтықтан оқу курсынан өтуді ұсынамыз. Бұл курс шет тілін оқыту саласындағы Сіздің біліміңіз бен іс жүзіндегі икемділігіңізді кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту курсы 2018 жылдың 17 қыркүйегінде басталады да, 10 аптаға жалғасады. Бағдарламаны жетік меңгеру үшін тапсырмалардың 70%-ын орындап шығу қарастырылған. Курсты табысты аяқтағандай болсаңыз, Сіз Гёте-Институтының сертификаты белгілеген үлгідегі куәлігін аласыз.
Курстың ұстаздары мен үйлестірушілері жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларды таңдап алады да, оларды 2018 ж. желтоқсанында бетпе-бет өткізілетін семинарға шақырып алады.
Семинардың нәтижесі бойынша олардың мультипликатор-әдіскерлерді әзірлеу бағдарламасына қатысуы туралы түпкілікті шешім қабылданатын болады.
 
Мультипликатор-әдіскерлерді әзірлеу бағдарламасының басты бөлігі 2019 ж. басында басталады да, 2020 ж. ортасына дейін жалғасады. Сіздер Гёте-Институтының «Неміс тілін оқытуды үйренеміз» инновациялық бағдарламасының негізін құрайтын ең өзекті  әдістемелік-дидактикалық материалдарымен, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырудың және семинарлар мен қашықтықтан оқытуды жүргізудің дидактикалық қағидаттарымен танысатын боласыздар.
Бағдарлама бірнеше күндізгі оқу және қашықтықтан оқу кезеңдері бар аралас курстан тұратын, оқытудың инновациялық қағидатына және  (Aktionsforschung) қызметі арқылы зерттеуге негізделген болады. Сіз бетпе-бет семинарларда жеке және топтың құрамында онлайн-платформасында оқитын боласыз, ал бағдарламаның қорытындысында Сіз өз біліміңіз бен біліктілігіңізді Алманияда өтетін семинарда тереңдете алатын боласыз.
Бағдарламаны табысты аяқтайтын болсаңыз, Гёте-Институтының сертификатын аласыз да, Гёте-Институтының тапсырмасы бойынша түрлі форматтағы (күндізгі, қашықтықтын және аралас оқыту) неміс тілінің мұғалімдері мен оқытушыларының біліктілігін арттыруды жүргізе алатын боласыз.
  • Гёте-Институтының біліктілікті арттыру аясындағы серіктестіктер желісіне ену:
  • Серіктестерге (қашықтықтан оқытудың Moodle платформасындағы) арнайы әзірленген ақпараттық және әдістемелік материалдарға қолжетімділік;
  • Алманиядағы және Қазақстандағы біліктілікті арттырудан өту үшін үміткерлерді таңдап алу барысындағы басымдылыққа ие болу;
  • Біліктілікті арттыру іс-шаралары кезіндегі жоғары сапаны қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

ӨТІНІМ БЕРУ

Құжаттарды Сіздердің 10.09.2018-ге дейін Anna.Melnik@goethe.de электрондық адреске «2018 жаңа мультипликаторларын дайындау» белгісімен жіберулеріңізді сұраймыз.
 

Жіберілуі тиіс міндетті құжаттарға мыналар жатады:

  • Толтырылған формуляр (жеке файлда)
  • Фотосурет жапсырылған, кесте түрінде құрастырылған, неміс тіліндегі өзекті түйіндеме;
  • Біліктілік пен жұмыс тәжірибесінің бар екені расталған болуы;
  • Жұмыс орнынан анықтама;
  • Тіл жөніндегі сертификаттардың (бар болса) көшірмелері.

Курсқа қатысуды растау немесе қабыл алмау жауабы 15.09.2018-ге дейін Сіз көрсеткен электрондық адреске жіберілетін болады.