Қазақстанда кәсіби біліктілікті арттыру

Кәсіби біліктілікті арттыру Фото: Goethe-Institute in Deutschland

Қазақстандағы Гёте-Институты неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларына кәсіби шеберліктерін дамытуға мүмкіндік жасайды
 

Grünes Diplom

Ресей, Белорусия, Украина, Грузия, Өзбекстан мен Қазақстан Гёте-Институттары неміс тілін шет тілі ретінде оқытатын Гёте-Институттардағы мұғалімдердің біліктілігін жетілдіруге арналған курстар („Grünes Diplom“) ұсынады.

Неміс тілі және мамандыққа баулу

 

Құрметті неміс тілі мұғалімдері,

Біз Сіздерді 2024 жылғы Қазақстандағы Гёте-Институт офлайн форматта өткізетін неміс тілі мұғалімдерінің құрылтайына шақырамыз.

Неміс тілі мұғалімдерінің құрылтайы 2024 жылы 27-28 -сәуірде  Бішкек  қаласында  өтеді .

27.04.2024: сағ. 8:00 – 17:30
28.04.2024: сағ. 9:00 – 17:30


Құрылтай неміс тілінде өтеді.

Биылғы жылғы Неміс тілі мұғалімдері құрылтайының ұраны - “Неміс тілі және мамандыққа баулу”.
Неміс тілін білу мамандыққа баулуда аса маңызды роль атқарады.  Неміс тілі күнделікті жұмыс орнында қарым-қатынасқа ғана қажет емес, сонымен бірге еңбек нарығында да зор мүмкіндікке қол жеткізеді. Неміс тілін үйренуді ерте жастан бастау және кәсіпке бейімдеу ісі
неміс тілінде сөйлейтін елдерде әр маманның нәтижеге жетіп, мансабына негіз салуына жол береді.

Неміс тілі мұғалімдері құрылтайы әртүрлі дәрістер, ақпараттық стендтер мен семинарлар, Қырғызстан, Қазақстан және Германиядан келген референттер арқылы сан алуан мағлұматтарды қатысушылардың назарларына ұсынады.
 
Барлық неміс тілін шет тілі ретінде оқытатын мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының неміс тілі мұғалімдерін осы құрылтайға шақырамыз.

Қатысуға өтінімді 2024 ж. наурыздың 31-не дейін (23:59) жіберуіңізді сұраймыз.

Тіркелуге тек неміс тілінде және тек Registrierungslink арқылы болады.

Егер сіз Неміс тілі мұғалімдері құрылтайының аясында семинар өткізгіңіз келсе, онда өз тақырыбыңызды ұсынып, қысқаша сипаттап, оны Registrierungslink сілтемесі арқылы
Тіркелу формасына енгізіңіз.

Неміс тілі мұғалімдері құрылтайына тек тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстандағы Гёте-Институттан шақыру алған  оқытушылар ғана  қатыса алады.

(Ескерту: Қазақстандағы Гете-Институт қатысушылардың жол шығыны мен қалада болу шығынын төлемейді.)
Барлық қатысушыларға қатысу сертификаты беріледі.

Біз Сіздің қатысуға ниетіңізді қуана қолдаймыз!
 

Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстандағы неміс тілі мұғалімдеріне арналған Онлайн-семинарлар

16.01. - 10.12.2024
18:00 - 19: 30 (Астана уақыты), әр семинар 2 акад. сағаттан
Тақырыбы: Неміс тілін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі/дидактикасы

Құрметті әріптестер,
2024 жылғы 16- қаңтардан бастап (алдағы уақытта әр сейсенбі сайын) Қазақстандағы Гёте-Институт түрлі өзекті әдістемелік және дидактикалық тақырыптар бойынша Қазақстан, Қырғызстан мен Түрікменстандағы неміс тілі мұғалімдеріне арналған онлайн-семинарлар өткізетін болады.
Егер сіз жыл бойы барлық семинарларға қатыссаңыз, онда сіз 72 акад. сағат бойы біліктілікті арттырғаныңыз жайлы сертификат ала аласыз.
Алғашқы онлайн-семинар 2024 жылғы 16 қаңтарда (сейсенбі) сағат 18:00-де (Астана уақыты) өтеді.

Онлайн семинарлар сериясына қатысу үшін электрондық пошта арқылы тіркеліңіз: anna.melnik@goethe.de
Белсенді қатысу үшін микрофон мен веб-камераның болғаны жөн.

Біз сіздің қатысуыңызды асыға күтеміз!