НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ XVII-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

Стипендия алудың шарттары

15.-20.08.2022 ж. ВЕНА / АВСТРИЯ

idt © Goethe-Institut Қазақстандағы Гёте-Институт биылғы жылы  неміс тілі мұғалімдерінің 2022 ж.  Венада (Австрия) өтетін XVII-ші халықаралық конгресіне стипендиялар жариялайды. Венада өтетін  конгресс  ұраны mit.sprache.teil.haben, оған дүние жүзінен 3000  жуық мамандар қатысатын болады.

Конгресс бағдарламасы сан-алуан түрлі.  Бағдарламаның негізгі бөлігі секциядағы жұмыстар болып табылады. 7 тақырыптық бөлімдегі (A-G) 55 секцияда қазіргі замандағы зерттеу мен дамыту жұмысындағы  әлемдік жетістіктер  талқыланады және оларды неміс тілін шет тілі ретінде және екінші шет тілі ретінде  оқыту үрдісінде қолдану қарастырылады. Оның сыртында өте қызықты да сан алуан мәдени шаралар да қамтылған, сонымен бірге дүние жүзінен келген неміс тілі мұғалімдері әріптестерімен тәжірибе алмасуға да зор мүмкіндік алады
 
Стипендия аса белсенді және инновациялық бағытта жұмыс істейтін  мұғалімдерге беріледі.  Стипендияны беру үшін мынадай шарттар болуы керек:

  • Неміс тілі білімінің деңгейі В2 төмен болмауы керек (Жалпы Еуропалық шет тілін меңгеру жүйесіне сай)
  • Мемлекеттік мектептер мен жоғары оқу орындарында неміс тілінен сабақ беру
  • 55 секцияның бірінде ғылыми баяндама жасау немесе неміс тілін оқытудағы тәжірибесімен бөлісу мақсатындағы презентация көрсету
  • Неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласын мультипликатор қызметімен ұштастыру (НТМО, Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықт.б.)
  • Гёте-Институттың біліктілікті жетілдіру семинарларына белсенді қатысу
  • Негіздеме

Конгресс бағдарламасымен таныса аласыз  мына жерде

Гёте-Институт стипендиясы 2022 ж. халықаралық конгресске қатысу жарнасын, жол ақысын  (оның ішінде виза алу), тұратын орны мен тамақтану және Венада бір апталық жол жүру шығындарын қамтиды.

Гёте-Институт стипендиясына өтінім формулярын толықтай толтырып мына электрондық адреске anna.melnik@goethe.de   жіберіңіз.
Өтінім формуляры

1-ші қадам
Өтінімді  09.05.2021 беру керек:
1.1 Толықтай толтырылған өтінім формуляры PDF форматында
1.2 Баяндама мәтіні  (формулярдың бір бөлігі болып табылады)
1.3 Жұмыс орнынан анықтама  (скандалған, мекеменің мөрі бар құжат)
 
2-ші қадам
Гёте-Институттан 15.07.21  дейін өтінім берушінің  мәрелік кезеңге жіберілгені туралы жауап
 
3-ші қадам
3.1 Гёте-Институт стипендиаттары үшін арнайы сілтеме арқылы халықаралық конгресс парақшасында  01.09.21 дейін тіркелу
3.2 Баяндаманы электронды платформа арқылы халықаралық конгресс парақшасында 15.09.21 дейін өткізу

Толықтай ақпаратты  Қазақстандағы Гёте-Институтта құзіретті тұлғадан ала аласыз.

Назар аударыңыз, 2022 ж. халықаралық конгресске қатысу үшін  Гёте-Институт стипендиясы тек  басқа ұйымдардан (мыс, DAAD не ZfA)  стипендия алмаған жағдайда ғана беріледі.