Жылдам кіру:
Тікелей мазмұнға өту (Alt 1)Тікелей қосалқы навигацияға өту (Alt 3)Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Маңызды ақпарат: коронавирус

Қазақстандағы Гёте-Институт коронавирустың таралуына жол бермеуді және өз қонақтарының денсаулығын қорғауды ойлайды. Бұл шара ауқымында біз Гёте-Институттың дүние жүзінде жүргізіп жатқан шараларын және сонымен қатар Қазақстан үкіметінің мектептер мен жоғары оқу орындарына қатысты жарлықтарын негізге аламыз. Барлық курстарымыз бен жобаларымыз сіздерге онлайн форматында ұсынылады. 
 

Бізді онлайн таба аласыз!© Goethe-Institut Kasachstan

Құрметті ханымдар мен мырзалар,
Сіздердің назарларыңызға 2020 ж. көктемгі триместрдегі біздің неміс тілі курстарымыз жайлы маңызды ақпараттарды жеткізгіміз келеді.

Көктемгі триместрде біздің барлық деңгейдегі неміс тілі курстарымыз (балалар курстары да) ары қарай жалғасын табатын болады.

Курсқа жазылым 20.04.2020 ж. бастап 30.04.2020 ж. дейін созылады. Курстардың басталу кезеңі 04.05.2020 ж., аяқталуы 11.07.2020 ж. Бір топтағы қатысушылар саны 12 адамға дейін шектеледі.

Covid- 19 жағдайына байланысты біздің курстар „Online-live“ форматында Zoom бағдарламасы арқылы өтеді және электронды оқулықтар пайдаланылатын болады.

Назар аударыңыз!

1. Қазақстандағы Гёте-Институт келушілерге ашылған жағдайда барлық курстар (соңғы апталардағыдай) қатысушылардың келісімімен бұрынғы форматқа ауыстырылатын болады.
 2. Барлық экстенсив курстар маусым айынан бастап аптасына (3) үш рет өтетін болады.

Сенбі күні болатын (Powerkurs) курстарға өзгерістер курсқа қатысушылардың келісімімен енгізіледі.

Біз Сіздерге мына телефон арқылы:
+7 747 1098814 жұмыс күндері сағ. 09:00 бастап 17:30 дейін сұрақтарыңызға жауап бере аламыз.

Сіздермен осы триместрде қайта қауышатынымызға қуаныштымыз!

Барлық онлайн-семинарлар жоспар бойынша өтеді. Ал адамдардың тікелей қатысуы түрінде өтуге тиіс семинарлар кейінге шегеріледі немесе дигитальды түрде өтетін болады.
 
Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасы болжам бойынша 31 мамырға дейін жабық болады. Қолдағы барлық медиа 31.05.2020 дейін автоматты түрде ұзартылады. Қазіргі шақта біздің Onleihe дигитальды кітапханамызды қолдануға кеңес береміз: www.goethe.de/kasachstan/onleihe
 
Қазақстандағы Гёте-Институт шамамен 31 мамырға дейін қонақтар үшін жабық болады – оған дейін біздің залдарымызда ешқандай іс-шаралар өтпейді (Goethe-Club, кітапханада орын алатын жобалар және т.б.). Бірақ біз онлайн-форматта өздеріңізбен біргеміз!
 
 


Онлайн оқу және ақпараттар алу

Неміс тілін тегін үйрену © Goethe-Institut e.V. / Bernhard Ludewig

Неміс тілін онлайн үйрену

Біздің курстар жалғасуда. Тек онлайн-форматқа көштік.

Неміс тілін үйренушілерге
ҮЙДЕН ШЫҚПАЙТЫНДАР – ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ НЕМІС ТІЛІН ҮЙРЕНУ

Диванда жатып-ақ оқу: біздің онлайн түрде ұсынған кеңестерімізбен, интерактивті жаттығулар мен ойындарымыздың көмегімен неміс тілін үйден шықпай-ақ үйрену.
Бұл жерден сен Гёте-Институттың дигитальды ақысыз оқу бағдарламаларының бірқатарын таба аласың. Олар неміс тілін үйден-ақ үйренуге немесе жеткен деңгейден ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша Бағдарлама

Үйде ішің пысты ма? Біз Сіздердің назарларыңызға бірқатар қызықты материалдарды ұсынамыз, оларды тіпті  диванда отырып- ақ  орындайсыз. Ойнаңыз, тыңдаңыз, оқыңыз және өз біліміңізді бір басу арқылы тексеріңіз!

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру - GETVICO24

Біздің неміс тілі мұғалімдерінің алғашқы 24-сағаттық  виртуальды конференциясы  2020 ж. 20  -  21 қазан аралығында өтеді. Бұл орайда сіздің қайда болатыныңыз Нью-Йоркте, Мельбурнда, Нью-Делиде немесе Мюнхенде және қай уақытта жаттыққанды қалайтыныңыз: таңертең не кешке екеніне мән берілмейді. Кез келген уақытта қосылып,  біліміңізді жетілдіріңіз. Қашан және қайда екені маңызды емес.
 

Deutsche Städte und Landschaften © Goethe-Institut

Германия қалалары мен ландшафтары

Хайтек және табиғат, спорт пен мәдениет: Германия әрқырлы.  Кім өзінің неміс тілі білімін тексергісі келсе, оны онлайн түрінде “Германия қалалары мен ландшафтары” атты ойын арқылы байқауына болады.

Unsere Straße © Goethe-Institut

Біздің көше

Бұл жерде кім тұратынын немесе жұмыс істейтінін білу арқылы неміс тіліңді   жетілдір.

Берлинге билет © Goethe-Institut

Берлинге билет

6 ойыншы, 2 топ, бір мақсат: Берлин. Германия арқылы саяхат кезінде  неміс тілін үйреніп жүрген 6 жасөспірім барлық сынақтан мүлтіксіз өтуі қажет.

24h Deutsch
ИДАМЕН БІРГЕ НЕМІС ТІЛІН ҮЙРЕНУ

Неміс тілін 24h Deutsch арнасымен – Гёте-Институттың YouTube-те неміс тілін үйрену – оның қалай жүзеге асатынын көрсет бәйгесінің жеңімпазымен бірге үйрен.  

 

Deutschtrainer A1

Неміс тілінде қалай санаймыз? Азық-түлік өнімдері қалай аталады? Уақытты неміс тілінде қалай айтуға болады? Отбасы мүшелері қалай аталады? Бірге шығатын саяхатты қалай жоспарлауға болады? 10 тарау арқылы күнделікті тірлікке қатысты тақырыптар бойынша сөздік қор мен құрылымдарды қайталай аласың.

Рас па? Германия туралы клишесі
Das Deutschlandlabor

Das Deutschlandlabor немістер туралы жиі айтылатын таптаурындарды зерттеп, қоғамның жан-жақты бейнесін көрсетеді.  
 

Ықыласпен оқу
Step into German

Басқаша оқу мүмкін! Неміс тілін музыка, фильм және футболдың көмегімен оқы!

Неміс тіліндегі поп-музыка? Қалыпты іс.
Lautstark

Жаңадан бастаушы немесе жалғастырушы; мектеп немесе ересектер оқу орталығы болсын, мейлі, ...музыкамен тіл үйрену қызығырақ. „Lautstark“ жобалық жұмысы саған 15 таңдаулы неміс поп әндерін ұсынады. Әндердің сөздері – неміс тілі сабағында сөйлеу мен пікір алмасуға түрткі бола алады.

goethe.de/deutschtrainera1
ҚАЛАДАҒЫ РАЛЛИ

Германиядағы тілдік курсың өтетін жермен ойын түрінде жақынырақ таныс, өз қалаңдағы Германияға қатысты дүниелерді тап немесе Гёте-Институттың ойын-жобаларына қатыс.

ӨНЕРТАБЫСТЫҚ РУХ

Дұрыс па, теріс пе? Тіпті Карл Бенц, Вильгельм Рентген және т.б. әйгілі өнертапқыштардың өздері де өмірде көптеген ұсақ және ірі сұрақтарды шешуге тиіс. Бірге ойнап, оң жолды таңда.   

ГЕРМАНИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР

Невин Германияға жуықта ғана келген және сондықтан күнделікті өмірде көптеген жаңа дүниелермен танысуға мәжбүр: мысалы, ол автобуспен жүреді, жұмысты жаңадан бастады, дәрігерге баруы керек, ұялы телефон үшін келісім-шартқа отырады және жаңа достар табуда. Оған көмектесіп, неміс тілін ойын түрінде үйрен.