фильм түнде «Виски мен арақ»

Қарт әртіс Отто Кильберг фильмге түсетін күні мас болып, жұмысқа келе алмай қалғандықтан оның рөлін қайталап ойнап отыруға тағы бір адам тағайындалады. Отто мен Арно Рунге екеуінің арасындағы бәсекелестік топтың ішінде алуан түрлі шиеленістердің тууына әкеліп соғады...

Бұл фильмге режиссер Курт Метцингтің DEFA киностудиясынан шыққан Schlösser und Katen (1957) фильмінің түсірілуі кезінде бір адамның рөлін екі адам ойнаған оқиға негіз болған. Режиссёрдің көмекшісі болған Франк Байер Вольфганг Кольхазеге сценарий жазуы үшін сол оқиғаны әңгімелеп берсе керек. Ауыр науқасқа ұшыраған Байер өзі бұл бастаманы жүзеге асыра алмағандықтан, істі оның келісімімен Андреас Дрезен қолға алған еді.

Режиссер: Андреас Дрезен

Рөлдерде: Генри Хюбхен, Коринна Харфоух, Маркус Херинг


Уақытыңыз қызықты өтсін!

Гёте Институт кітапханасы

Артқа