Жұма күнгі әдеби кештер: Патрик Зюскинд
Die Geschichte von Herrn Sommer
Достар,егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.
17 ақпан 2017 ж., жұма күні неміс халқының танымал авторы Патрик Зюскиндтің „Die Geschichte von Herrn Sommer“ атты әңгімесінен шағын үзінділерімен танысамыз.
Әңгімелерді мына жерден жүктеп алуға болады: Патрик Зюскинд: Die Geschichte von Herrn Sommer
Патрик Зюскиндтің басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.
Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html