Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Көк періште»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 24 ақпан 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Көк періште» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Режиссёр Йозеф фон Штернберг драмаға толы "Der blaue Engel" атты көркем фильмін Генрих Манның «Мұғалім Гнус» атты романы бойынша түсірген. Басты рөлдерде XX-шы ғасырдың жарық жұлдызы Марлин Дитрих пен Эмиль Яннингс сомдайды. Орта мектептің мұғалімі Имманиул Рат жазғанынан танбайтын қатал, әрі кірпияз адам. Бір күні оқушылардың сабақ үстінде әнші Лола-Лоланың суретін қарап, қызықтап отырғанын көрген ол, олардың кешкі уақытта «Der blaue Engel» атты түнгі кабакка баратыны әшкерленеді. Сол кезде Иммануил Рат педагогикалық міндетін алға тартып, әдепсіздікті тоқтату мақсатында аталмыш кабакка аттанады. Алайда, сұлу Лоланың сиқырына өзі де түсіп қалатынын сезбеген еді...
Режиссёр: Йозеф фон Штернберг
В рөлдерде: Марлин Дитрих, Эмиль Яннингс, Курт Геррон
Фильм неміс тілінде