Оқырмандар кездесуі Жұма күнгі әдеби кештер: Томми Яуд
Достар,
егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.
2017 ж. 3 наурыз жұма күні неміс халқының танымал авторы Томми Яудтің „Hummeldumm“ атты әңгімесінен шағын үзінділерімен танысамыз.
Әңгімелерді мына жерден жүктеп алуға болады: Tommy Jaud: Hummeldumm
Томми Яудтің басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.
Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html