Концерт FUN HORNS тобының Орта Азиядағы концерттік сапары

17:00 сағ.

Нұр-Сұлтан

FUN HORNS 30 жыл сахнада!

Үрмелі аспаптардың бұл біртуар тобы 1986 жылы орнаған. Содан бері өткен 30 жыл 12 компакт-диск, сан алуан марапаттар мен жүлделерді ғана емес, сонымен қатар Сантьяго де Чилиден бастап Сібірдегі Красноярскіге дейінгі үлкен  аумақта берілген көптеген концерттер мен турларды да қамтиды. 
 
Түрлі бетбұрыстар кезеңінде де топ өзінің ұжымдық рухын сақтап қала алды. Өзгеріске деген батылдық өз сыйын алып, ансамбль қиын-қыстау шақтарда да өз бағдарын ешқашан жоғалтқан жоқ – ол өзіндік үні бар ерекше үрмелі аспаптар квартеті ретінде қала білді.  
 
Fun Horns тобы өзінің мерейтойы қарсаңында Германия ауқымында
30 концерт ұйымдастырып, Иордания және Сауд Арабиясына шақыру алып отыр. Оған қоса мерейтой енді Орта Азияда жалғаспақ – қандай тамаша жыл!
Топ мүшелері керемет концерттер мен жастармен – музыкалық деңгейде болсын, адамауи деңгейде болсын, бәрібір – қызықты кездесулердің орын алатынына және олардың әркімді де белгілі дәрежеде байыта түсетініне  сенімді.
 
Топ құрамы:
Николаус Нойзер           - труба, флюгельгорн
Фальк Брайткройц         - тенор-саксофон, бас-кларнет
Йорг Хуке                      - тромбон
Фолькер Шлотт              - альт-саксофон, сопрано-саксофон
 
 
Түркіменстан, Қазақстан және Қырғызстандағы концерттер:
30.03. сағ. 19:00 – „Түркіменстан“ киноконцерт залы,
                                Огузхан көш. 13, Ашхабад
05.04. сағ. 18:30 – „Шалқыма“ концерт залы,
                                Костенко көш. 7, Қарағанды 
08.04. сағ. 18:00 -  Сатылғанов ат. Қырғыз мемлекеттік филармониясы,
                               Чуй даңғ. 251, Бішкек
09.04. сағ. 17:00 – Ибраимов ат. Қырғыз Ұлттық драма театры,
                               Құрманжан Датқа көш. 162, Ош
 
 
 
 
 
 
 

Артқа