Әдеби кеш Жұма күнгі әдеби кештер: „Der Feind“
Достар, егер Сіз неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеcеңіз, әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.
2017 ж. 17 наурыз, жұма күні немістің танымал авторы Эрих Мария Ремарктің „Der Feind“ атты әңгімесінен шағын үзінділерімен танысамыз.
Әңгімелерді мына жерден жүктеп алуға болады:
Эрих Мария Ремарктің басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан оқуларыңызға болады.
Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html