Сен неміс тілін оқып жүрсің бе және Қазақстан, Қырғызстан және бүкіл әлемдегі басқа да неміс тілін үйренуші жастармен жарысқың келе ме? Онда Алматыдағы Гёте-Институттың неміс тілінен өткізетін олимпиадасына қатысып , Германиядағы Гёте Институттың біріне курсқа қатысуға стипендияны жеңіп ал!
Олимпиадаға кімдер қатыса алады?
Қазақстан мен Қырғызстан мектептерінде неміс тілін тереңдетіп оқытатын (DSD диплом мектептері), мектептерден
басқа орта мектептерде оқитын
14- жастан 18- жасқа дейінгі, неміс тілінен білімі
А2 және
В1 деңгейіндегі төмендегі қалалардан оқушылар қатыса алады:
Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Тараз, Шымкент, Бишкек / Кыргызстан
Германияда 9 айдан көп тұрған оқушылар Олимпиадаға қатыса алмайды.
2017 ж. 27 наурыздан сәуірдің 3 аралығында сен тұратын қалада
тіл білімін анықтау тесті мен
Қазақстан Гёте-Институтының Неміс
тілінен Олимпиадасының алғашқы кезеңі өтеді.
21.04.2017 ж. он бір қаладан іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар (А2, және В1 деңгейі бойынша бір орыннан) Алматыға Гёте-Институтқа
ақтық мәреге шақырылатын болады.
Қатысып көр! – Бағыңды сына!
Олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстан Гёте-Институты, ал қолдаушы Қазақстандағы неміс тілін үйрену орталықтары және Гёте-Институттың мультипликаторлары.
Ausschreibung
Артқа