Әдеби кеш Жұма күнгі әдеби кештер: „Wie ich meinen Großvater kennenlernte. Die schönsten Geschichten“
Достар,
егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.
2017 ж. 31 наурыз жұма күні неміс халқының танымал авторы Эрвин Штриттматтердің „Wie ich meinen Großvater kennenlernte. Die schönsten Geschichten“ атты әңгімесінен шағын үзінділерімен танысамыз.
Әңгімелерді мына жерден жүктеп алуға болады: Эрвин Штриттматтер „Wie ich meinen Großvater kennenlernte. Die schönsten Geschichten“
Эрвин Штриттматтердің басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.
Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html