Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Лила, Лила»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 6 сәуір 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Лила, Лила» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Даяшы боп жұмыс істейтін ұяң жігіт Давид Керн өзгелерге қызықсыз жан. Ол әдебиет факультетінің жас студенті Маримен танысқан соң оған ес-түссіз ғашық болады. Мари болса оның әрбір ниетінен бас тартып, жазушыларды бағалайтынын алға тартады. Бірде Давид ескі заттарды сататын базардан тумба сатып алады да, үйіне әкеледі. Тозған тумбаның жәшігін ашып қараса, ішінен белгісіз романның ескі қолжазбасы табылады. Қалайда Мариге ұнау үшін ол қолжазбаны түні бойы сканер арқылы өткізіп, автордың орнына өз атын жазып қояды. Осылайша келесі күні Мариге оқып шығуға ұсынады. Романнан шабыттанған Мари Давидке бірден ғашық болады. Мұндай романды міндетті түрде көпшілікке ұсыну керек деп сенген Мари, Давидтің қарсылығына қарамастан қолжазбаны баспаға жібереді.
Режиссёр: Алайн Гспонер
Рөлдерде: Даниель Брюль, Ханна Херцшпрунг, Хенри Хюбхен.
Фильм мен титрі неміс тілінде