Жас оқырмандар клубы Жас оқырмандар клубы

10:00 сағ. бастап

Қазақстандағы Гёте-Институт

Оқушылар неміс авторы Аня Туккерманмен кездеседі

Кішкентай достар, оқушылар!

Егер сендер неміс балалары мен жасөспірімдерінің әдебиетімен, мәдениеті мен өнерінен хабардар болғыларың келсе Алматы Гете-Институтына келіңдер. Сендерге арнап айына 2 рет, сенбі күндері "Жас оқырмандар клубының" отырысы өтеді.

Келесі кездесу 8.04.2017 сағат 10:00 өтеді. Ол күні Қазақстанға арнайы шақырылған құрметті қонағымыз, неміс балалар авторы Аня Туккерманн ханыммен жеке таныса аласыңдар!

Оқырманға ұсынылып отырған «Маған әже керек» („Suche Oma“) романы Аня Туккерманның үлкен қалада тұратын неміс балаларының өмірін сипаттайтын, алғашқы әрі кең тараған шығармаларының бірі.
 
Романның басты кейіпкері Штефидің анасынан басқа жақыны жоқ. Бірақ сол анасының өзі де тек демалыс күндері ғана болмаса, басқа күндері жұмыстан кеш келеді.
 
Іші пысқан Штефи бұл мәселені өзі шешуге бел буады. Әр балаға әже керек. Қызықтың көкесі сонда басталады: ол өзіне бір емес, бірнеше әже тауып алады! Штефиге ғана әже керек емес, әжелерге де Штефидей сүйкімді немере керек екен.
                                                                                               
Кітапта өзекті мәселе қозғалған. Күнұзақ баласының қамы үшін  жанталасып еңбек ететін ата-ананың сол балаға қарауға уақытының болмауы – кейбір қазіргі ата-аналардың көкейтесті мәселесі. Сондықтан роман қоғамға, ұрпақ тәрбиесіне әлі де үлесімді қоссам, өскелең ұрпаққа әлі де берерім бар деген ата-әжелер үшін, жалпы қазақ тілді оқырман үшін қызықты болар деген үмітпен аударылып отыр.     
 
Аударма тілі жатық, көпшілік оқырман қауымның көңілінен шығады деп сенеміз. Аудармашы түпнұсқадағы автордың негізгі берер ойын, идеясын, стилін анық жеткізе білген. Кітаптың ана тіліміздегі нұсқасы «АТАМҰРА» баспасынан жарық көрді.

Артқа