Әдеби кеш Жұма күнгі әдеби кештер: „Маған әже керек“
Достар,
егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.
2017 ж. 7 сәуір жұма күні неміс авторы Аня Туккерманнмен кездесеміз! Автор өзінің „Suche Oma“ атты романының қазақ тіліндегі тұсаукесеріне арнайы шақырылған еді.
Оқырманға ұсынылып отырған «Маған әже керек» („Suche Oma“) романы Аня Туккерманның үлкен қалада тұратын неміс балаларының өмірін сипаттайтын, алғашқы әрі кең тараған шығармаларының бірі.
Аня Туккерманның басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.
Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html