Әдеби кеш Жұма күнгі әдеби кештер: „Wo ist Carlos Montúfar?“

Достар,

егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Жұма күнгі әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз. Аталмыш шара айына 2 рет, жұма күндері сағат 18.30 - 20.00 аралығында өтеді.

2017 ж. 14 сәуір жұма күні аустриялық және неміс халқының танымал авторы Даниэль Кельмантің „Wo ist Carlos Montúfar?“  атты әңгімесінен шағын үзінділерімен танысамыз.
Әңгімелерді мына жерден жүктеп алуға болады:
Даниэль Кельман

Даниэль Кельмантің басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.

Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html
 

Артқа