Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Ғажайып көкжиек»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 21 сәуір 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Ғажайып көкжиек» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Белгілі науқанның аясында футбол магнаты Франц Арнольд Аддис-Абеба қаласына тұрғындарға үміт сыйлау мақсатында осы спорт түрін жаңғыртуға ат салыспақшы. 12 жасар үйсіз-күйсіз жүрген Адмассу үшін бұл өзін-өзі көрсету мүмкіндігі, әрі болашақта кәсіби футболға апаратын құдды бір сиқырлы есік тәрізді көрінеді. Дегенмен Франц бұл баланы көзге ілмейді. Осы кезде Адмассу бірден оны ұрлап әкетіп, соңынан құтқаруды шешеді. Алайда бәрі жоспорлағандай бола бермейді. Күтпеген жерден олар айдалаға тап болып, қалаға апарар жолды табуға тырысады. Енді олардың ортасында басқа қарым-қатынас орнайды, көмек беруші мен көмекке зәру жандардың орындары ауысты.
Режиссёр: Штефан Йегер
Рөлдерде: Хенок Таделе, Штефан Губзер, Рахел Тезхоме, Кенни Алан.
Фильм ағылшын тілінде
Титрі:неміс тілінде
Кіру: тегін