Кино апталығы Еуропалық кино апталығы
2017 жылдың 12 - 20 мамыры аралығында „Цезарь“ кинотеатрында Еуропалық кино апталығы өтеді. Апталықты Олег Борецкий киноклубының көмегімен Алматыдағы еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC Almaty) ұйымдастырады.
Апталық бағдарламасына Австрия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Латвия, Польша, Ұлыбритания, Франция және Швейцария секілді 10 елдің көркем фильмдері енген. Сонымен қатар көрермен қауымға биыл алғаш рет қысқа метражды фильмдер түні ұсынылады.
Қазақстан Гёте-Институты 16 мамыр, сейсенбі күні сағ. 19:00 режиссер Лео Хасиннің «Досқа арналған каддиш» атты көркем фильмін көрсетеді.
Досқа арналған каддиш
Германия 2012
Ұзақтығы: 93 мин
Бұл фильмде Берлиннің көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде орын алған арабтар мен еврейлер арасындағы шиеленіс туралы сөз болады. 14 жасар Әли Кройцберг ауданына жаңадан көшіп келеді. Оның ливандық босқын ретінде Германияда қалуға рұқсат етілген мерзімі аяқталуға таяу. Аудандағы қатыгез жасөспірімдер оның батылдығын сынауға бел буады: Әли ертеректе келген ресейлік эмигрант болып табылатын еврей көршінің үйіне бұзып кіруге тиіс. Кейін Әли сотқа тартылып, депортацияға ұшырамау үшін қарттан кешірім сұрап, қатесін түзетуге кіріседі. Екі түрлі мәдени топтың өкілдері, бірі жас, бірі кәрі қос мигрант басында бір-бірімен жауласып жүрсе де, уақыт өте келе екеуінің бір-біріне деген құрметі достыққа ұласады.
Апталық бағдарламасында:
12.05. 19:00 Бэнкси туындысы (16+) / Ұлыбритания
13.05. 20:00 Теңіздегі бөтелке (16+) / Франция
14.05. 17:00 Желдей жылдам (16+) / Италия
14.05. 19:00 Әке ойыны (16+) / Австрия
15.05. 19:00 Шағын арал (16+) / Испания
16.05. 19:00 Досқа арналған каддиш (12+) / Германия
17.05. 19:00 Кіші Мәскеу (15+) / Польша
18.05. 19:00 Амалия вилласы (12+) / Швейцария
19.05. 19:00 1935 жылғы арманы асқақ команда (0+) / Латвия
20.05. 16:00 Ықылық (12+) / Венгрия
Қосымша мәлімет: www.kino.kz
Қысқа метражды фильмдер түні
13.05., 22:00
Ұлыбритания
22:00, 70 мин. (16+)
Edmond (Gantz / Jouffroy, 10 мин.)
Samuel-613 (Lumby / Conway, 15 мин.)
Operator (Bartleet and Rebecca Morgan, 3 мин.)
Prologue (Williams / Sutton, 6 мин.)
Mining Poems or Odes (Rice / Cocker, 11 мин.)
Manoman (Cartwright / Hodol, 11 мин.)
Over (Threlfall / Bannister, 14 мин.)
Франция
23:15, 72 мин. (16+)
Avant que de tout perdre (X. Legrand, 30 мин.)
La convention de Genève (B. Martin, 15 мин.)
Mademoiselle Kiki et les Montparnos (A. Harrault, 15 мин.)
Lettres de femmes (Augusto Zanovello, 12 мин.)
Германия
00:30, 262 мин. (16+)
„Kurz & Gut IV“
Balance (Christoph und Wolfgang Lauenstein, 7 Min.)
Schwarzfahrer (Pepe Danquart, 12 Min.)
Quest (Tyron Montgomery, 11 Min.)
Kleingeld (Marc-Andreas Bochert, 15 Min.)
Quiero Ser (Florian Gallenberger, 33 Min.)
The Periwig-Maker (Steffen Schäffler, 15 Min.)
Gregors größte Erfindung (Johannes Kiefer, 11 Min.)
Das Rad (Chris Stenner / Heidi Wittlinger, 8 Min.)
Die rote Jacke (Florian Baxmeyer, 20 Min.)
Ausreisser (Ulrike Grote, 23 Min.)
Auf der Strecke (Reto Caffi, 30 Min.)
Spielzeugland (Jochen Alexander Freydank, 14 Min.)
Mauerhase (Bartek Konopka, 39 Min.)
Raju (Max Zähle, 24 Min.)