Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Мамырдағы 4 күн»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 5 мамыр 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Мамырдағы 4 күн» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Германия, 1945 жылдың мамыр айы. Неміс армиясының солтүстік-шығыс бөлімшелері тізе бүгіп жатыр. Совет жауынгерлерінің бір тобы өлкеде қалған неміс жасақтарының Данияға өтіп кетуіне жол бермей, оларды тұтқынға түсіру үшін Балтық теңізінің жағалауына жіберіледі. Ондағы аздаған балалардың ішінде әкесі Курск түбінде қаза болғандықтан орыс солдаттарын жек көретін 13 жасар Петер де бар еді. Жағалауда теңіз арқылы Германиядан кетіп қалуды көздеген неміс бөлімшесі бар екен. Петер оларға өздерін «орыс» тұтқынынан құтқаруын өтініп, белгі береді. Ақыры неміс полковнигі шабуылға бел байлайды – бірақ шайқас орыс капитанының сарбаздарына қарсы бағытталмаған еді...
Режиссёр: Ахим фон Боррис
Рөлдерде: Павел Венцель, Алексей Гуськов, Иван Шведов.
Фильм неміс тілінде
Титрі:орыс тілінде
Кіру: тегін