Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Қырыққабат пен орамжапырақ»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 19 мамыр 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Қырыққабат пен орамжапырақ» атты деректі фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Бұл деректі фильм Рур аймағында тұратын неміс пен түрік аралас жанұялар жайлы болмақ. Фильм басты кейіпкерлердің әлеуметтік қыры мен екі түрлі мәдениеттің арасындағы байланысты қарастырады. Бұл отбасылардың балалары ислам және христиан дінімен таныса отырып, екі тілді болып өсіп келеді. Егер бұл отбасылардың екі түрлі мәдениеттен екенін ескермесек, олардың күнделікті өмірі кәдімгі отбасынан айырмашылығы жоқ. Жанұя мүшелерінің мәдени және діни айырмашылықтары қаншалықты жағымды немесе жағымсыз әсер ететінін фильмде көрсетілген. Рур аймағына тән әзіл-қалжың арқылы олар қалыптасқан пікірді жойып, бастапқыда болған келеңсіздіктерді күле еске алады. Фильм Кёльн қаласындағы Өнер Академиясында түсіріліп, алғаш рет 2011 ж. Берлиналеде көрсетілді.
Режиссер:Анна Хепп
Фильм неміс пен түрік тілінде
Титр неміс тілінде
Кіру: ақысыз