Фильм көрсетілімі «Менің бақытты кезім»

Қымбатты достар,
біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 15 қыркүйек 2017 ж сағ.18.30  Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Менің бақытты кезім» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
 
Әу баста өтірікші Франк сәнді дүкендегі келіншекке жақындаймын деп, басы бәледан арылмай, түрмеден бірақ шықты. Бостандыққа шыққан соң ол әлгі келіншекті қайта кездестіреді. Бұл жолы Франк Таняны оның жұмыс істейтін орны – жеңіл жүрістілер үйінен құтқару керек деп ұйғарады. Осы кезде оның  бұрыңғы дерті  – өтірік айту мен өзге адамның атын жамылу әдеті қайта өршиді. Нәзіктікке толы бұл трагикомедия  өтірікшінің оқиғасы мен оның өміріндегі нағыз махаббаты жайлы баяндайды. Фильм адам жанын түсіну, оның болмысын қабылдау мен сүюге деген үміт тақырыбын ашығуға тырысады. Режиссёр Александр Адольфтың бұл дебюті 2009 ж. Filmfestivals Max Ophüls Preis байқауында алғаш рет көрсетілді.
 
Режиссер: Александр Адольф
Рөлдерде: Девид Штризов, Надя Уль, Йорг Шютауф.
Фильм мен титр неміс тілінде
 
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы

 
 
 

Артқа