Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Крест жолы»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 29 қыркүйек 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште«Крест жолы» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
14 жасар Мария екі әлемде өмір сүреді. Күндіз барлық балалар сияқты мектепке барып, сыныптастарымен уақыт өткізсе, үйінде мүлде басқа күйге түседі. Марияның отбасы дәстүрлі католицизмді, яғни киелі ПиЯ Х қатаң бағытын ұстанады. Мария ауыр сезімнің ортасында қалып, екі дүниенің шырмауында жүреді.Ол қызылды-жасылды өмірдің арбауынан сақтанып, өз дінін кіршіксіз таза ұстауға тырысады. Оның үстіне асау сезімнің жетегінде кетпей, сыныптас жігіттің көрсеткен ілтипатын көзге ілмеуі тиіс. Мария Исус салған дін жолында өзін құрбан етіп, өз крест жолын табуға талпынады.
Режиссер: Дитрих Брюггеман
Рөлдерде: Леа фан Аккен, Францизка Вайзц, Флориан Штеттер.
Фильм мен титр неміс тілінде
Кіру: ақысыз