Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Гуд бай, Ленин!»

Қымбатты достар,
 
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 13 қазан 2017 ж сағ.18.30  Гёте Институт Алматы кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште«Гуд бай, Ленин!» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
 
Қысқаша мазмұны
 
Шығыс Берлин 1989 жылдың күзі. Александр Кербердің анасы жүрек талмасынан комаға түседі. Бұл Берлин қабырғасының құлауына тұспа-тұс келеді.1990 жылдың жазында ол аурудан есін жияды, бірақ дәрігер кез-келген қобалжу әйел үшін өлімге әкелуі мүмкін деп қатаң ескертеді. Сондықтан Алекс анасы құдайдай сенген Германияның Біртұтас Социалистік Партиясының жойылғанын одан жасырып бағады. Анасына жаны ашыған Алекс достарымен бірлесіп „ГДР-дың дәурені әлі де жүріп тұр“ деп жалған айтады. Алайда, бұл көзбояушылық шындықты ұзақ жасыра алмады. Фильмде ГДР-дың соңғы күндері, күнделікті өмірдегі өзгерістер, құндылықтардың мәні мен өмірге деген көзқарастар жайлы баяндалады. 
 
Режиссер: Вольфганг Беккер
Рөлдерде: Даниель Брюль, Катрин Засс, Чолпан Хаматова.
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
 

Артқа