dokBox / Неміс деректі фильмдерінің апталығы Мемлекет Фриц Бауэрге қарсы

Жк, 19.11.2017

17.00 - 18.40

Нұр-Сұлтан

Режиссёр: Ларс Крауме
(2015, 101 мин.)
 
Бас прокурор Фриц Бауэр жолын тауып жазадан қашып кеткен нацистік қылмыскерлердің әділ жазаға тартылулары үшін көптен бері күресумен келеді. Бірақ құпия қызмет, үкімет пен оның органдарында отырған нацист ізбасарлары Бауэрге барынша бөгет жасайды. Бұл жайт еврейлерді жаппай құртуды ұйымдастырушы Адольф Эйхманның жалған ат бүркеніп, Аргентинада ешқандай кедергісіз өмір сүріп жатқаны туралы хабар келген кезде де өзгермейді. Бауэр оны ұстату үшін Израильдің сыртқы тыңшылық қызметі Моссадқа жасырын түрде хабар береді. Оның  басшысы мен жалғыз сенімді серіктесі жас прокурор Ангерманн мұндай қадамның мемлекеттік опасыздыққа жатқызылатынын ескертеді. Егер бұл мәселе ашылса, Бауэр түрмеге тығылмақ. Неміс құпия қызметі Бауэрдің бет пердесін ашып, оны ұстап беруі үшін Ангерманды жеңіл жүрісті әйелмен қарым-қатынасына қатысты бопсалаудан да бас тартпайды.         
   
Бағдарламада сонымен қатар:
17.11.          B-Movie: Батыс Берлиндегі шу мен ыза (2015)
18.11.          Фридланд (2015)
20.11.          Қорқыныш әліпбиі (2015)  
21.11.          Би туралы армандар (2010)
 
 

Артқа