Режиссёр: Джон Альберт Янсен
(2015, 56 мин.)
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін коммунистік бағытқа түскен Румыниядағы неміс тілді диаспора ауыр хал кешеді. Герта Мюллер (*1953) – румыниялық неміс. Әкесі СС құрамында болған, кеңестік еңбекпен түзеу лагеріне алынған анасы бес жыл бойы жоқ болып кеткен. Жастық шағы қорқыныштан, қуғын-сүргіннен және үндемеушіліктен құралған. Герта Мюллердің Нобель сыйлығын алғаннан кейін қоғамдық қарым-қатынастарды азайтқанына қарамастан Джон Альберт Янсенге оны Берлиндегі үйінде фильмге түсіруге рұқсат етіледі.
Содан туындаған Het alfabet van de angst деректі фильмінде жазушы өзінің жастық шағы мен Чаушеску-мемлекетіндегі қысым туралы әңгімелейді. Фильм басты кейіпкердің туған жері болып табылатын Румыниядағы кішкентай ауылдың суреттері мен сол ауылдың соңғы тұрғындарының әңгімелерімен өрнектелген.
Бағдарламада сонымен қатар:
17.11. B-Movie: Батыс Берлиндегі шу мен ыза (2015)
18.11. Фридланд (2015)
19.11. Мемлекет Фриц Бауэрге қарсы (2015)
21.11. Би туралы армандар (2010)
Артқа