Режиссёр: Анне Линзель / Райнер Хоффманн
(2010, 89 мин.)
„Kontakthof“ қойылымынан Пина Бауштың біртуар қолтаңбасын көруге болады – ол адамауи жақындықтың формалары, жыныстардың кездесуі, махаббат пен нәзіктікті іздеу және сол жолдағы қорқыныш, сағыныш және күмән туралы. Жас адамдар үшін үлкен талап болып табылатын жалпы сезімдер туралы.
Вуппертальдың он бір мектебінен жиналған жасөспірімдер бір жылға таяу уақытқа жалғасқан эмоциялық тұрғыдан қызықты сапарға бет алады. 14-18 жас аралығындағы 40 астам оқушы ұлдар мен қыздар әрбір сенбі сайын Бауштың бишісі Джо-Энн Эндикотт пен Бенедикт Биллеттің жетекшілігімен және Пина Бауштың қарқынды басқаруымен биге дайындалады.
Бағдарламада сонымен қатар:
17.11. B-Movie: Батыс Берлиндегі шу мен ыза (2015)
18.11. Фридланд (2015)
19.11. Мемлекет Фриц Бауэрге қарсы (2015)
20.11. Қорқыныш әліпбиі (2015)
Артқа