Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Сенімен бірге»
Қымбатты достар,
Сіздерді және достарыңызды жұма күні 10 қараша 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Сенімен бірге» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Филип ешкімге түсініксіз, өз әлемінде томаға-тұйық өмір сүреді. Өзінің пәтерін ол тек тасбасқамен бөлісіп, «сөйлейтін» үтіктің дыбысынан оянады. Жертөледе орналасқан банктің бір бөлімінде ол күні бойы уақытын жұмыс үстінде өткізеді. Жалған ақшаны нағыз ақшадан айырып тану - Филиптен басқасының қолынан келер емес. Дегенмен, Филип жанына жан жуытпайтын, мінезі шәлкес адам. Бірде Лина атты соқыр қыз барда отырған Филиптің үстеліне абайсызда сүрініп құлайды. Осы бір кездесу оның өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді. Енді ол Линаға деген сезімін қайда жіберерін білмей әлек.
Режиссер: Алмут Гетто
Рөлдерде: Катарина Шютлер, Бастиан Трост, Андреас Паттон.
Фильм неміс тілінде
Титр неміс тілінде