Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Жаңа Отан»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді және достарыңызды жұма күні 24 қараша 2017 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Жаңа Отан» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
 
Мигрант жастар - жаңа отанын іздеу барысында тікұшақ, пойыз, автобус және қайықтың көмегімен түрлі жолдарды артқа тастап, жылжып отырды. Оның ішінде он тоғыз жасар Ауғанстаннан келген  Ехзанулла - теңізді үрмелі қайықпен өткен. Ал, албаниялық ағайынды  Назли мен Исмайл  отбасылық себептерге байланысты туған Отанын тастауға мәжбүр болды. Ендігі олар Швейцарияның солтүстік-батысындағы Базель қаласында арнайы интеграциялық сыныпта оқиды. Жанашыр мұғалім шындықты ашып айтып, бөтен елде жұмысқа орналасудың қиындығын түсіндіреді. Дегенмен, олардың әрқайсысының жарқын болашағы үшін барынша күш салады. Анна Томменнің деректі фильмі көптеген премияларға ие болған, оның ішінде First Steps Award байқауының «Ең үздік деректі фильмі 2013» номинациясын жеңіп алды.
 
Режиссёр: Анна Томмен
Продюссерлер: Рольф Шмидт, Штефан Айхенбергер
Фильм және титр неміс тілінде

Кіру: ақысыз

 

Артқа