Кітаптың тұсаукесері Кітап тұсаукесері: «Таңғажайып глобус»
Қымбатты достар,
Cіздерді және достарыңызды жұма күні 15 желтоқсан 2017 ж сағ.10.30 Гёте Институт Алматы кітапхана залына шақырамыз. Бұл күні «Таңғажайып глобус» атты балалар кітабының тұсаукесері өтеді.
Таяуда «Атамұра» баспасынан (Алматы қ.) Қазақстандағы Гёте-Институтының қолдауымен «Таңғажайып глобус» атауымен неміс ертегілер топтамасының қазақ тіліндегі аудармасы жарық көрді. Суретті кітаптың ерекшелігі - ертегілер қазақ және неміс тілдерінде қатар беріліп отыр. Оқырмандар Мартин Лютерден бастап, Эльмар Шенкель, Катрин Дройт, Вильгельм Кропп және Марие-Кристине Ромирердің ертегілерімен қауышады.
Ертегілер балабақша бүлдіршіндері мен мектептің бастауыш сынып оқушыларына, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға арналған. Жинақ балаларды кітап оқу машығына, қоршаған ортаны тануға, ізгілікке баулиды.
Ертегілерді Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, аудармашы, ұстаз Рауза Мұсабаева неміс тілінен қазақшаға тікелей аударды.
Кіру: ақысыз
Бағдарламада сонымен қатар:
14.12. 2017, 14:00 сағ/ч.
Бегалин атындағы балалар кітапханасы
Алматы, Төле би көшесі 27
Teл.:+7 727 2918466
e-Mail: bibl-almaty@goethe.de
20.12. 2017, 14:00 сағ/ч.
5-ші балалар кітапханасы
Астана, Ш. Құдайбердіұлы көшесі 25/3
Teл.: 7172 995156
e-Mail: sbs_sbs@mail.ru
21.12. 2017, 14:00 сағ/ч.
Астана, Бейбітшілік көшесі 8
Гёте-Институттың INFOLAB@
Teл.: +7 7172 571240
e-Mail: infolab-astana@goethe.de