Әдеби кеш
Әдеби кештер: Фридолин Шлеймен онлайн-кездесу
18:30-20:00 сағ.
Қазақстандағы Гёте-Институт
Гёте-Институты кітапханасының тың жаңалығы!
Енді неміс авторларымен онлайн-кездесуге қатыса аласыздар!
Достар,
Сіздерді әдетте жұма күндері өтетін Әдеби кеш клубының аясында алғашқы онлайн-кездесуге шақырамыз. Сіздер неміс тілінде автормен сөйлесіп немесе сұрақ қоя аласыздар. Мұндай еркін пікір алмасу неміс тілін толыққанды игеруге ықпалын тигізері анық.
2018 ж. 23 ақпан күні сағат 18:30-да алғашқы онлайн-кездесуге жас неміс қаламгері Фридолин Шлей қатысады. Ол кездесуде автордың „Fremd“ жинағынан алынған (Fridolin Schley (Herausgeber), Verlag: Kirchheim, P, 2015, ISBN-10: 3874101347) „Zwei Mädchen im Krieg“ атты әңгімесін бірге оқып, талқылаймыз:
Zwei Mädchen im Krieg
Фридолин Шлейдің осы және басқа да шығармаларын кез-келген уақытта Алматыдағы Гёте-Институтының кітапханасынан таба аласыздар.
Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html