Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Абсурдистан»
Қымбатты достар,
Сіздерді жұма күні 16 ақпан 2018 ж сағ.18.30 Гёте-Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште «Абсурдистан» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны:
Европа мен Азияның арасындағы қиян далада орналасқан ауылда Ая мен Темелько атты ғашықтар өмір сүреді.Олар бір-бірін бала кезден сүйеді және 18 жасқа толғанда екеуі үйленуге бел буады. Аяның әжесі жұлдыздарға қарап қолайлы уақытты анықтайды.Дәстүр бойынша олар неке қияр алдында суға түсіп, шомылуы тиіс.Бірақ ауылға жететін жалғыз құбыр істен шығып, су тапшылығына әкеп соғады. Ауылдың еркектері құбырды жөндеуге құлқысы жоқ, ал әйелдер мұндай жағдайға көнгісі келмейді. Сол себепті олар ереуілге шығып, күйеулеріне „соғыс“ жариялайды.
Режиссер: Файт Хельмер
Рөлдерде: Максим Мауф, Кристина Малерова
Фильм орыс тілінде
Титр неміс тілінде
Кіру: ақысыз
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы