Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Прокурор ісі»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді жұма күні 2 наурыз 2018 ж сағ.18.30 Гёте-Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште «Прокурор ісі» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны:
 
Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң бас прокурор Фриц Бауэр сол кездегі адамзатқа жантүршігерлік қылмыс жасағандарды жазаға тартуға тырысады. Алайда оның жақтастары әлі күнге дейін федералды үкіметте жұмыс атқарады. Олар көп жылдар бойы тергеу ісіне кедергі жасап келген. Сондықтан Бауэр соғыстың тауқыметін көрмеген жас заңгерді көмекші етіп алады. Ол Израильдің Моссад құпия қызметін атақты қылмыскер Адольф Айхманды Аргентинадан ұрлап әкетуге көндіреді. Бұл істің соңы қауіп-қатерге әкеледі, себебі Бауэрдің айналасында оған қарсы іс қозғап жүрген жансыз пайда болады.
 
Режиссер: Штефан Вагнер
Рөлдерде: Ульрих Ноэтен, Давид Кросс, Диетер Шаад
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Кіру: ақысыз

 
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы

 

Артқа