Концерт FAVO тобының Орта Азиядағы концерттік сапары

Жк, 01.04.2018 -
Жм, 13.04.2018

17.00 - 20.00

Almaty, Karagandy, Aschgabat, Osch, Bischkek

Бас-кларнет, альт, мбира                                      Фальк Брайткройц       
Сопрано-саксофон, саксофон Си мелоди, кахон   Фолькер Шлотт     
Вокал, битбокс                                                         Сандер Де Винне
 

Көп дүние сәттен туатындықтан, бұл джаз ба? Әлде сазды қос үрмелі аспап мәнерлі дауыспен фугадағыдай үйлесім тапқандықтан, классика ма?  Камералық музыка ма, әлде әлемдік музыка ма? (J. Engels)
 
„Бұл жерде ненің математикалық реттілікпен орын алатындығын әлі өзім де саралаған жоқпын – бірақ бас-кларнет пен сопрано-саксофонның жиілігі бір-біріне әдемі үйлеседі, өзара ұтымды тұтасады, ондайды бұрын естіп көрмедім. Сиқырлы бір құпия бардай. Аспаптар мен дауыс арасындағы жай ғана тербелістер, әйтсе де сонымен қатар кеңістік пен көрермен қауымның құлағындағы тербелістер. Бұл жерде артық сөздің қажеті де жоқ, бұл бар болғаны музыка!“ (V. Schlott)
         
FAVO – „Адам дауысы мен қос таңғажайып үрмелі аспап арасындағы сиқырлы биден өрілген жүрекке жылу сыйлар музыка – әлемдік музыка, әлем үшінгі музыка“.  
 
Баспасөзден:
„...Қос музыканттың қатары керемет әнші Сандер де Винне қосылғанда ғана толығымен жасақталады. Бельгиялық жас әнші сырттай көрермен қауымның  ілтипатына ие боларлықтай. Ал оның әні қалай елітеді дейсіз?! Ол өз үнімен самалдай немесе құстың қанатындай нәзік әрі баяу және сонымен қатар  адамды еліте әрі иландыра қармағысы келеді. Мәселен, „Skylark“ әнін ол толық тенор-вокалға жеткізе тамаша орындайды. Одан соң дыбыстардың сазымен құдды Шығыс азиялық сиқыршыдай ойнайды немесе жекелеген португалдық буындарды самба үшін скат-вокалда таратады. Бас-кларнет пен сопрано-саксофон А. Пьяццолланың музыкасын шарықтатып жатқан сәтте ол керемет „Alfonsina y el Mar“ өлеңінің сөздерін сыбырмен жеткізеді…“ (B. Kaiserkern)
 
Топ өзіндік композициялардың сыртында Пьяццолла, Битлз, И.С. Бах, Бобби Макферрин, Чик Кориа, Гарольд Арлен, Стив Своллоу, Джо Завинул, Ричард Бейрах, Сиксто Родригес және басқалардың шығармаларын өңдеп, олармен жұмыс істейді. 
                                                          
                                                                               www.volker-schlott.de
 
Топтың өмірбаяны:
2009   Құрылған жыл
2010   Гёте-Институттың шақыруымен Шығыс Африка елдеріне жасалған
           турне: Зимбабве, Бурунди, Руанда, Мадагаскар, Танзания
2011   FAVO-Riten 204 компакт-дискісінің жарық көруі;
          Санкт-Петербургтағы Eremitage Theater  фестиваліне шақырылу
2012   Aloha Oe компакт-дискісінің жарық көруі; Германия,
           Швейцария және Австриядағы концерттер
2013   Сандер де Виннемен Германия туры
2014   Сандер де Виннемен Германия туры
2015   Германиядағы үлкен тур және фестиваль (шілде-қазан 2015)
2015/16   Сандер де Виннемен алғашқы ортақ компакт-дискінің
                NRW-Records-қа жазылуы
2016/17   Сандер де Виннемен FAVO3 үшінші компакт-дискіні шығаруға
                қатысты тур / Бельгия / Германия / Катар фестивальдері  
 
Түркіменстан, Қазақстан және Қырғызстандағы концерттер:

03.04. сағ. 19:00 – „Шалқыма“ концерт залы, Костенко көш. 7, Қарағанды 
07.04. сағ. 19:00 – „Watan“ концерт залы, Гөроғлы көш. 46, Ашхабад 
12.04. сағ. 17:00 – Ибраимов ат. Қырғыз Ұлттық драма театры,
                               Құрманжан Датқа көш. 162, Ош
13.04. сағ. 18:00 – Сатылғанов ат. Қырғыз мемлекеттік филармониясы,
                               Чуй даңғ. 251, Бішкек   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Артқа