Әйгілі неміс сазгері және театр режиссері Хайнер Гёббельс Әмбебап өнер орталығы ORTA мен Қазақстан Гёте-Институтының шақыруымен Алматыға келеді. Профессор
2018 жылдың 15 наурызында көпшілікке арналған баяндама жасап, өзінің «Эстетика отсутствия» кітабының орысша басылымын таныстырады.
15.03.2018 сағ. 15:00
Aurora Space кеңістігі, Жамбыл көш. 55/57, Алматы
Кіру ақысыз
Хайнер Гёббельс 1999 жылдан бастап Юстус Либих атындағы Гиссен Университетінде қолданбалы театртану профессоры болып қызмет атқарады. Өзінің өнер саласындағы еңбегі үшін Хайнер Гёббельс көптеген халықаралық жүлделермен марапатталған. Мәселен, 2001 жылғы «Еуропалық театр жүлдесін», 2012 жылғы мәртебелі Ибсен Халықаралық жүлдесін және оның өмірлік жетістіктері үшін берілген 2015 жылғы «Франко Квадри жүлдесін» атап өту қажет.
Мұнда қазақстандық театр режиссеры Рустем Бегеновтың Хайнер Гёббельспен сұқбатын оқи аласыз:
https://vlast.kz/persona/27042-hajner-gebbels-teatralnyj-rezisser-a-ne-smotru-teatr.html
Артқа