Байқау бейнебаян байқауы

2018 ж. 14-наурыздан 30-сәуірге дейін Алматыдағы мемлекеттік  Кастеев атындағы өнер музейінде  Германия елшілігінің бастамасымен ағайынды  Гриммдер шығармашылығына арналып өтетін көрме аясында бейнебаян байқауы жарияланады. 

Бейнебаянның ұзактығы 5 – 8 минут болуы керек, негізінен неміс тілінде болғаны шарт. Біз неміс тілін меңгеру деңгейі А 2- кем болмайтын барлық жастағы қызығушыларды қатысуға шақырамыз.

Өз жұмысыңызды 08.04.2018 ж.  дейін жіберуіңізді өтінеміз. Әділқазы алқасы ең үздік деп таныған жұмыс авторлары Алматы қаласына сәуір айының соңында көрермендердің алдында көрсету үшін шақырылатын болады.
Біз сіздің қатысатыныңызға қуаныштымыз!
 
Сізге берілетін тапсырмалар :
  • Ағайынды Гримм ертегілерінің біреуін таңдап алыңыз
  • Ертегінің қысқаша мазмұнын неміс тілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем)
  • Ертегінің қысқаша мазмұнын қазақ не орыс  тілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем)
  • Ертегілерден бір бөлім, не үзінді, не қысқаша көріністі неміс тілінде мәнерлеп, қимыл-ым мен дауыс тембрын қосып айтып беріңіз.
  • Сіз неге осы көріністі таңдадыңыз? Сізге әсер еткен не болды?
  • Ертегі мазмұнының  (мораль) бүгінгі күнмен байланысы бар ма ? 
Жұмыстарыңызды 08.04.2018 ж. дейін Анна Мельник ханымға жіберіңіз:
anna.melnik@goethe.de
 

Артқа