Олимпиада Қазақстан Гёте-Институты: Неміс тілінен Олимпиада

Дс, 26.03.2018 -
Жк, 08.04.2018

Akobe, Almaty, Astana, Karagandy, Kostanai, Pawlodar, Petropavlovsk, Öskemen, Taras, Schymkent, Bischkek

Сен неміс тілін оқып жүрсің бе және Қазақстан, Қырғызстан және  бүкіл әлемдегі  басқа да неміс тілін үйренуші жастармен жарысқың келе ме? Онда Алматыдағы  Гёте-Институттың неміс тілінен өткізетін олимпиадасына қатысып , неміс тілінен 15.-28.07.2018 ж.  Фрайбургте болатын  Халықаралық олимпиадаға қатысуға стипендияны жеңіп ал!
 
Олимпиадаға кімдер қатыса алады?
Қазақстан мен Қырғызстан мектептерінде неміс тілін тереңдетіп оқытатын (DSD диплом мектептері),  мектептерден басқа орта мектептерде неміс тілінен білімі А2 және  В1 деңгейіндегі  төмендегі  қалалардан оқушылар қатыса алады.
 
Халықаралық Олимпиада өтетін кезеңде - 15-28.07.2018 , қатысушылардың жасы кем дегенде 14- жастан   17- жасқа дейін болуы керек, туған күні, жылы 01.08.2000-нан 15.07. 2004 –ке дейін болуы  шарт.
 
Германияда 3 айдан көп тұрған оқушылар және ана тілі неміс тілі болатын немесе ата-анасының біреуінің ана тілі неміс тілі болатын оқушылар  Олимпиадаға қатыса алмайды.
 
Қатысу үшін қайда тіркелу керек?
 
Ақтөбе
Светлана Кадырова ханым
Гёте-Институт мультипликаторы
тел.: +7 708 47135 39
swetkadyrowa@mail.ru
 
Алматы
Анна Мельник ханым
Алматы Гёте-Институты
Наурызбай батыр  к-сі 31
тел.: +7 727-2797899, 2798234, 2797904
anna.melnik@goethe.de 

Астана
Гульнара Фахрутдинова ханым
Астана тіл үйрену орталығы
Б. Момышұлы д-лы 12
Бизнес-Центр «Меруерт Тау»,
оф. 307
тел.: +7 +7 7172 76 71 83
astana@deutsch-zentrum.com 

Қарағанды
Светлана Горбачёва ханым
Бұқар –Жырау д-лы 20, оф. 310
Орталық Қазақстан Академиясы
тел./факс: +7 7212 419299
karaganda@deutsch-zentrum.com
 
Қостанай
Оксана Дмитриева ханым
Қостанай тіл үйрену орталығы,
Костанай Инженерлік-Педагогикалық Университеті
Чернышевский к-сі 59, оф. 209а
тел.: +7 7142 286633
kostanai@deutsch-zentrum.com
 
Павлодар
Нелли Эйберс ханым
Павлодар тіл үйрену орталығы
Евразиялық Инновациялық Университет
Горький к-сі, 102/4 (оф. 203)
тел.: +7 7182 314368
pawlodar@deutsch-zentrum.com
 
Петропавл
Наталья Козлова ханым
Гёте-Институт мультипликаторы
тел.: +7 777 2581074
kos_nat@mail.ru
 
Өскемен
Евгения Суспицина ханым
тел.: +7 747 656 0115, +7 777 257 1812
eu-dilman@yandex.ru
 
Тараз
Ирина Гилинская ханым
Гёте-Институт мультипликаторы
тел.: +7 7772375963
irinchengil@mail.ru
 
Шымкент
Дуйсенкуль Махажанова ханым
тел: +7 777 6707111
miss.makhazhanova@mail.ru
 
Бішкек / Қырғызстан
Айнагуль Атакеева ханым
Бішкек тіл үйрену орталығыТоголок Молдо к-сі  60a
тел.: +996 312-325028
bischkek@deutsch-zentrum.com
 
Сен қалай қатыса аласың?
Егер сен өз сыныбыңдағы ең үздік оқушылардың бірі болсаң және сенің неміс тілінен білім деңгейің А2 немесе В1 болса, онда саған өз қалаңдағы аталған мекемелермен хабарласуға болады.
Сен өзіңнің неміс тілінен білім деңгейіңді оп-оңай Гёте-Институттың сайтындағы «неміс тілін оқу» айдарындағы  онлайн-тестің көмегімен біле аласың: www.goethe.de/almaty
2018 ж. 26 наурыздан сәуірдің 8 аралығында сен тұратын қалада тіл білімін анықтау тесті мен Олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. (анық уақытын ұйымдастырушылар өтінім  қабылдағаннан кейін хабарлайтын болады).
2018 ж. сәуір айында  он бір қаладан іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар (А2, және  В1 деңгейі бойынша бір-бір орыннан)  Алматыға Гёте-Институтқа ақтық мәреге шақырылатын болады. 
Қазақстан мен Қырғызстанда   жеке-жеке 2 орыннан бар (А2, және  В1 деңгейі бойынша бір-бір орыннан).
Қырғызстаннан қатысушылар  олимпиаданың Бішкек қаласында  өтетін ақтық мәресіне қатысатын болады.
Ақтық мәренің жеңімпазы мен оның мұғаліміне (1 орын А2, 1 орын В1 деңгейі бойынша)  15.-28.07.2018 ж.  Фрайбургте болатын  халықаралық олимпиадаға қатысуға стипендия беріледі.
 
Қатысып көр! – Бағыңды сына!
 
Олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстан Гёте-Институты, ал  қолдаушы Қазақстандағы  неміс тілін үйрену орталықтары және Гёте-Институттың мультипликаторлары.
 
 

Артқа