Әдеби кеш Әдеби кештер: Фридолин Шлеймен онлайн-кездесу

18:30-20:00 сағ.

Қазақстандағы Гёте-Институт

Гёте-Институты кітапханасының тың жаңалығы!

Енді неміс авторларымен онлайн-кездесуге қатыса аласыздар!

Достар,
Сіздерді әдетте жұма күндері өтетін Әдеби кеш клубының аясында келесі онлайн-кездесуге шақырамыз. Сіздер неміс тілінде автормен сөйлесіп немесе сұрақ қоя аласыздар. Мұндай еркін пікір алмасу неміс тілін толыққанды игеруге ықпалын тигізері анық.

2018 ж. 6 сәуір күні сағат 18:30-да екінші онлайн-кездесуге жас неміс қаламгері  Фридолин Шлей қатысады. Ол кездесуде автордың „WILDES SCHÖNES TIER“ жинағынан алынған  "LANDERHEBUNG" атты әңгімесін бірге оқып, талқылаймыз:
Fridolin Schley: «LANDERHEBUNG“

Фридолин Шлейдің осы және басқа да шығармаларын кез-келген уақытта Алматыдағы Гёте-Институтының кітапханасынан таба аласыздар.

Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа